--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Хабарландыру!

18 Тамыз 2020 ж.
139

Табиғат пайдаланушылардың назарына

Нысандарды салу, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде IV санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат (бұдан әрі – Рұқсат) беріледі.

Рұқсатта берілген күні көрсетіледі, алайда жұмыстарды жүргізу кезеңіне рұқсаттың қолданылу мерзімі көрсетілмейді, өйткені Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес IV санаттағы нысандар үшін рұқсат мерзімсіз негізде беріледі.

Осыған байланысты, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ-не Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 77-бабының 4-тармағына сәйкес берілген рұқсаттың күшін жою туралы хатпен жүгіну қажет.

Хатты кеңсенің kense.dpr@pavlodar.gov.kz электрондық мекен-жайына жіберген қажет.

Анықтамалар үшін телефон – 32-93-79 (экологиялық реттеу бөлімі).

 

Версия для слабовидящих