--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

БҰҰДБ өкілдерімен кездесу  

17 Қазан 2019 ж.
62

БҰҰДБ өкілдерімен кездесу

 

Ағымдағы жылдың 17 қазанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының өкілі Т.С. Кертешевпен, сондай-ақ Қазақстандағы орман көміртекті жобаларын дайындау жөніндегі халықаралық сарапшы Г.В. Сафоновпен және «Bitfury» ірі шетелдік көп бейінді блок – компаниясының өкілі К. Б. Айтжановпен бірлескен кездесу өтті.

Кеңеске сондай-ақ Облыстың жер қойнауын пайдалану басқармасы, орман шаруашылығы инспекциясы, экология департаменті, Энергетика, сәулет, жер қатынастары басқармалары, орман қорғау мекемелері, «Проманалит» ЖШС қатысты.

Павлодар облысы Қазақстан Республикасының негізгі өнеркәсіптік дамыған өңірлерінің бірі болып табылатыны белгілі, онда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қоршаған ортаға айтарлықтай жүктеменің себебі бойынша өзекті болып қалатыны белгілі.

Облыста жұмыс істейтін жылуэлектр станциялары, мұнай өңдеу, металлургия және көмір өндіруші кәсіпорындар парниктік газдар эмиссиясына да елеулі үлес қосады.

Ормандар парниктік газдардың негізгі сіңірушілері болып табылады. Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес Ұлттық орман заңнамасы бірінші кезекте климат реттеуші, орта түзуші, егіс және топырақ қорғау, су қорғау және санитарлық - гигиеналық функцияларды орындайтын ормандардың жалпы мемлекеттік мәнін тану, ормандарды орнықты дамыту қағидаттарына негізделеді (Қазақстан Республикасы аумағының орманды жерлерін ұдайы өсіру).

Бүгінгі таңда Қазақстанда орман көміртекті жобаларды іске асыруға шетелдік компаниялардың қызығушылығы артып келеді. БҰҰДБ өкілдері «Биоалуантүрлілікті қаржыландыру бастамасы» жаһандық жобасы шеңберінде Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын пилоттық жоба үшін таңдап, республикада көміртекті жобаларды іске асыру бойынша бастамамен сөз сөйледі

Кездесу барысында елді мекендердің айналасында жасыл белдеуді құру, тұрақты орман питомниктерін құру және есепке алынбаған ормандарды басқару санатына ауыстыру мәселелері талқыланды.

Алдағы уақытта бірлескен жемісті жұмыс және біздің өңірде жобаны жүзеге асыру бойынша қажетті іс-шараларды әзірлеу қажет.

 

Версия для слабовидящих