--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Ауа бассейнінің жағдайы туралы

22 Шілде 2019 ж.
33

Ауа бассейнінің жағдайы туралы

 

Павлодар облысы бойынша экология департамент ақпаратты бойынша 2019 жылдың 22 шілдесі күнінің екінші жартысынан бері Павлодар қаласы атмосфералық ауасының жоғарғы қабатында жоғары деңгейдегі түтіндену, тұмша байқалған.

Жүргізілген бақылауларға сәйкес, түтін етегі желдің шығыс ағынымен Ресей Федерациясы аумағынан, Шарбақты ауданының ауа кеңістігі арқылы таралып келеді.

24 шілдедегі жағдай бойынша атмосфераның жоғары деңгейдегі түтінденуі Шарбақты, Қашыр, Павлодар, Ертіс, Ақтоғай аудандарында, Павлодар және Ақсу қалаларында байқалуда.

Интернет-ресурстарда РФ Красноярск крайының аумағындағы ауданы 65,0 мың гектардан асатын ірі орман өрттеріне қатысты ақпарат баяндалған. Бұл өрттердің салдарынан Батыс Сібірдің толықтай дерлік аумағы: Красноярск крайы, Хакасия Республикасы, Алтай крайы, Кемеров, Новосібір, Омбы, Томск облыстарындағы атмосфералық ауаның кең көлемді ластануына әкеліп соқты.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша ауа сапасын бақылаудың автоматтандырылған станцияларында (еск. Павлодар қаласында  7 бекет) Павлодар қ. ауасының жер беті қабаттарында халық денсаулығы мен қоршаған орта жағдайына қауіптілік төндіретін ластаушы заттардың шектен тыс асырылуы анықталмаған.

Новосібір қаласының Гидрометорталығының  есептеулері бойынша 26-27 шілдесінде антициклон шығыс бағытта Красноярск крайы аумағына көшеді. Жел бағытының батыс және солтүстік-батысқа өзгеруі болжануда. Бұл Батыс Сібір аймақтарындағы жағдайға оң әсерін тигізеді, алайда түтіндену Красноярск крайы мен Иркутск облыстарында сақталмақ (ақпарат көзі: РИА «Сибирь/Новосибирск/2019-077-23).

Павлодар облысы бойынша экология департаментімен «Қазгидромет» РМК филиалымен бірлесіп атмосфералық ауа сапасының мониторингтік зерттеулері жүргізіліп отырады.

 

Версия для слабовидящих