ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Жаңалықтар

2018 жыл бойынша ӨСАБ жайлы ақпарат

02 Мамыр 2019 ж.102

Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы – бұл өндірістегі тау-кен, газ және мұнай салаларынан табыстың ашықтығын қамтамасыз ететін дүниежүзілік стандарт.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Үкіметтің, өндіруші саланың компанияларының, Парламент депутаттарының тобы мен ҮЕҰ одақтары арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою арқылы осы бастаманы жүзеге асыруға кірісті.

Бүгінгі таңда, алып кәсіпорындар – облыстың жер қойнауын пайдаланушылар өкілдері мен «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы»  АҚ, «Богатырь Комир» ЖШС, сонымен қатар депуттар және жұртышылықтың қатысуымен осындай іс шараны өткізу  Бастама жергілікті деңгейде іске асырылуда.

Бұл бізге тау-кен өндіруден түсетін табыстарды өндіру мен бөлуде мемлекеттік органдар мен бизнестің жоғары жауапкершілігіне, сондай-ақ азаматтарға әлеуметтік төлемдерді бөлу туралы хабардарлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» ҚР Кодексіне сәйкес, жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісімшарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтау жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттерінің бірі болып саналады.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 69 келісімшарт жасаған 55 жер қойнауын пайдаланушы әрекет етуде, олардың ішінде 46 кең таралған пайдалы қазбалар және 23 жер қойнауын пайдаланушы қатты пайдалы қазба бойынша жұмыс жасауда.

 Прилож каз+