--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

«Таза болса табиғат– аман болар адамзат» балалар суреттер байқауы

30 Сәуір 2019 ж.
181

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кіші мәжіліс залында қоршаған ортаны қорғауға арналған «Таза болса табиғат-аман болар адамзат» атты балалар суреттерінің республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бастамасы бойынша Павлодар облысының білім беру басқармасы және жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен бірлесіп суреттер байқауы өткізілді. Марапаттау рәсіміне Павлодар облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелердің өкілдері, конкурсқа қатысушылар мен олардың педагогтары қатысты.

 Байқаудың мақсаты-көркем құралдар арқылы балаларды экологиялық ағарту, қоршаған ортаны қорғау және табиғат әлеміне адамгершілік көзқарас мәселелерінде белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, өскелең ұрпақты экологиялық мәселелерді түсінуге, сондай-ақ, оларды шешуге белсенді қатысуға тарту.

Байқау қорытындысы бойынша «үздік сурет» номинациясы бойынша кіші (12 жасқа дейін) және жоғары (13 жастан бастап) жас санаттарында үш жеңімпаз анықталды, сондай-ақ бір «Гран-при» берілді.  Жалпы 49 бала қатысты.

Гран-придің жеңімпазы Ивашечкин Данил болды,  «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған  Песчан№2 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» КММ

Барлық байқаудың қатысушылары алғыс хаттармен, ал  І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған жеңімпаздарды грамоталармен және құнды сыйлықтармен марапаттады.

 

Версия для слабовидящих