--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Қоршаған орта мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулардың тиімділігін арттыру бойынша семинары

13 Наурыз 2019 ж.
160

Ағымдағы жылдың 13 наурызында ағартушылық жұмыс шеңберінде Павлодар облысының қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «ЭКОМ» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Қоршаған орта мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулардың тиімділігін арттыру» тақырыбында семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинарға облыстың мемлекеттік мекемелерінің, «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ, «КазАктожол» ҰК АҚ ПОФ, «Павлодар АЭА» БК» АҚ өкілдері қатысты.

Семинарды өткізу барысында Орхус конвенциясының ережелерін, Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережелерін ескере отырып, қоршаған ортаға қатысты шешімдер қабылдауға қоғамның қатысу қағидаттары мен рәсімі баяндалды. Сондай-ақ, Павлодар облысында қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру, бейінді үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуы және үдерісті одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Семинар соңында тыңдауларды өткізу аспектілерін бекіту үшін барлық қатысушылардың қатысуымен «Бұзушылықтарды тап» іскерлік ойыны өткізілді.

Версия для слабовидящих