--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Биыл Экологиялық кеңестің бірінші отырысы өтті

21 Қаңтар 2019 ж.
138

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Д.С. Махажановтың төрағалығымен экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі Экологиялық кеңестің ағымдағы жылғы бірінші отырысы өтті

Экологиялық кеңес отырысында Павлодар облыстық мәслихатының, жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты

Экологиялық кеңеспен алдағы жылға арналған Жұмыс жоспары талқыланды. Атап айтқанда, экологиялық кеңес мүшелері атмосфералық ауаны ластау, су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану, қалдықтарды басқару мәселелерімен қатар, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте «жасыл технологияларды» қолдану, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, көмір өндіретін кәсіпорындарда эндогенді өрттерді болдырмау мәселелерін қарастыруды ұсынды.

Бұдан басқа, Павлодар облысының 2019 – 2023 жылдарға арналған қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының жобасын қорытынды талқылау өтті.  «ЭКОМ» ҚБ төрағасы С.В. Могилюк Кешенді жоспардың орындалуына қоғамдық мониторинг жүргізу тетіктері бойынша ұсыныстар берді.

Отырыс қорытындысы бойынша экологиялық кеңес отырыс барысында талқыланған толықтырулар енгізуді ескере отырып, кешенді жоспарды мақұлдады.

Версия для слабовидящих