--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнін өткізу жөнінде ақпарат

20 Сәуір 2018 ж.
61

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» республикалық қоғамдық экологиялық акция өткізу жоспарланып отыр.  Ағаш отырғызу күнін өткізу мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен облыстың барлық аймақтарында өткізу ұйғарылды.

         Акцияның мақсаты – орманды сақтау және молықтыру, елді мекендерді екпелермен абаттандыру, сонымен қатар жасыл желекке ұқыпты қарауға қоғамдық қызығушылықты дамыту.

         Орман екпелері тұрғындар үшін аймағымыздың «өкпесі» болып табылады және зор экологиялық және сауықтыру мағынаға ие. Облыстың қолайлы атфосферасын қалыптастыру және экологиясын жақсарту үшін елді мекендердің айналасында «жасыл белдеу» құру қажет.

         Жалпы осы акцияның аясында облыс бойынша шамамен 12 мың ағаш және бұталы тұқымдастардың әртүрлі түрлерін отырғызу жоспарлануда (қарағай, шырша, терек, қайың, қараағаш, қарамұқ, қарақат, тал, миндаль және т.б.)

         Біздің облысымыздың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосу үшін барлық азаматтарды осы акцияға қатысуға шақырамыз.

         Барлық қатысуға ниет білдірушілер 32-36-97 телефоны бойынша хабарласыңыздар.

 

Версия для слабовидящих