--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

«Бөлде табыс тап» Павлодар қаласының медициналық мекемелерінде қоқыстарды жекелеп жинау жүйесін енгізу

18 Сәуір 2018 ж.
111

«Бөлде табыс тап»

Павлодар қаласының медициналық мекемелерінде қоқыстарды жекелеп жинау жүйесін енгізу

 20180413_154406

         2018 жылдың 13 сәуірінде облыстық денсауық сақтау басқармасында, облыстық маслихат депутаты Нұрлан Касимовтің төрағалығымен Павлодар қаласының медициналық мекемелерінде қоқысты жекелей жинау жүйесін енгізу бойынша кеңес өтті.

         Қалдықтарды басқару саласының ағымдағы жағдайы бойынша баяндамамен облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресуртары басқармасының орынбасары Қабылтаева Әйгерім Жанбіртайқызы баяндады. Өз сөзінде ол Павлодар қаласының түгелдей дерлік мектептерінде қоқыстарды жекелей жинау үшін контейнерлердің орнатылғандығын атап өтті. Ендігі жылдан бастап, полигонда қатты тұрмыстық қалдықтарды, соның ішінде қағаздарды, макулатураларды, пластикаларды, тамақ және құрылыс қалдықтарын қабылдауға және көмуге экологиялық заңнамамен тыйым салынатын болады.

         Кеңеске шақыртылған «Гофротара» және «Казэкопром» фирмаларының өкілдері өздерінің кәсіпорындарының қызметтері жайында баяндап, сонымен қатар объекттерге өтінім бойынша келіп, қағаздар және макулатураларды 1 кг-ға 50 тг төлейтіндігі жайында айтып кетті.

         Аталған ұсынысты медицина мекемелерінің басшылары қолдап, бұл фирмамен серіктесуге ынталарын білдірді.

         Қорыта келе, Нұрлан Қасымов аталған шараны іске асырудың маңыздылығын, 2018 жылдың 1 шілдесі күніне дейін іске асыру мерзімі белгіленгенін атап өтті.

Версия для слабовидящих