--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Коллегия 2016 жыл

Су ресурстары

2020 жылға дейін "Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында, 62 % немесе 244 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету қажет.

         2017 жылғы 01.01. облыстың 394 ауылдық елді мекендерінде сумен қамтамасыз етілуі төмендегідей:

- 78 ауыл немесе 19,8% орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді;

- 225 - құбырлы шахталық құдықтардан, ұңғымалардан ауыз суды пайдаланады;

- 81 -су тазарту кешенді блок модульді қондырғылардан;

- 10 - тасымалданатын сумен.

         Жаңа жобалардың жетіспеуі 2011-2012 жылы жерасты су қорын растау жөніндегі жұмыс графигінен қалуға, топтық су құбырларын қайта жаңарту мерзімдерін созуға және ЖСҚ әзірлеу жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты.

         Қазіргі уақытта барлық бағыттар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

         Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу

         Облыстың 394 ауылынан 153 АЕМ   жерасты суларының қорлары бекітілді.

         2017 жылы 20  АЕМ геологиялық-барлау жұмыстарын аяқтау жоспарланған, 2018 жылы - 21 АЕМ, осылайша 2020 жылға дейін  облыстың 64% ауылын қамту жоспарланып отыр.

         Бірақ, 162 АЕМ жер асты суларының қоры бекітілмеген.

         Сумен жабдықтау объектілерін салуға  ЖСҚ әзірлеу бойынша

         2016 жылы жалпы соммасы  21,4 млрд.тенге (РБ-17,1 млрд.т, ЖБ-4,3 млрд.т)болатын 2017-2019 жылдарға арналған 39 дайын жоба  мәлімделген және қолданды, соның ішінде:

         2017 жылы  – соммасы 9,3 млрд.тенге болатын  15 жоба  (11 жоба биылғы жылы аяқталады, 4 жоба 2018 жылға ауыспалы).

         Анықтамалық:

            - 3 ауыспалы (Павлодар қ.а.а. Ленинский к. 2 ұңғыма бұрғыланған,; Ақтоғай ауд. Жолболды а. ұзындығы 2,3 км болатын су құбыры желілері салынды, пайдалану 2 ұңғыма бұрғыланды; Успенка ауданы Константиновка а. 6,7 км желі  жүргізілді,2 ұңғыма бұрғыланды);

            - 12 АЕМ бойынша (Ақсу қ.а.а.Кызылжар а., Евгеньевкаа., Лебяжі ауд. Ямышево а., Жамбыл а.; Баянауыл ауд. Баянауыл а.; Ақтоғай ауд.Ақтогай а., Андрияновка а., Приреченск а.; Успенка ауд. Успенка а.; Қашыр ауд.Теренкөл а; Ертіс ауд. Панфилов а.; Май ауд. Ақшиман а.) бірыңғай ұйымдастырушы конкурс жарияланды, алдын-ала қорытындыларын шығару мерзімі ағымды жылдың ақпан – наурыз айлары.

         «Беловод топтық су құбырын қайта жаңарту» бойынша.

         2016 жылы 1 кезек аяқталды (жағалау бөлігі) Ертіс ауданының 12 АЕМ қамтыды.

            Анықтамалық: 112 км, су тартқыш төсеу, Байзаков а. бас құрылыстарының алаңында құрылыс жүргізілген, соның ішінде: I, II көтеру сорғы станцияларының ғимараттары салынған, су тазарту станциясы, 2 таза су резервуары (V=3000м3).

         Ауыл шаруашылығы Министрлігі Су ресурстары комитетінің (2017 ж. 09.02., № 18-3-25/63-КВР) хатына сәйкес, экономикалық орынсыздығына байланысты  II кезектегі топтық су құбырын (12 АЕМ-ді қамти отырып,дала бөлігі) қайта жаңғыртуда жер асты суларының қорын пайдалану ұсынылған.

         Қазіргі уақытта геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу туралы мәселе қарастырылуда.

         2016 жылы Жоғарғы-Ертіс су қоймаларынан  табиғат қорғау мақсатында су жіберу

Жайылманың флора және фаунаның экологиялық тіршілік ету ортасының биологиялық өнімділігін сақтау үшін, жыл сайын Ертіс су қоймалары құламасынан, табиғат қорғау су жіберу жүзеге асырылады.

         2016 жылы су жіберу  6 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткізілді, ұзақтығы 27 күн.

         Осылайша, табиғатты қорғау су жіберудің жалпы көлемі 7,03 кубокилометрді құрады, ағызудың максималды көлемі шамамен  3500 м3/с құраған, ұзақтылығы 4 тәулік, 83,5 % жайылма алқаптарын (282,8 мың га)су басты. Табиғатты қорғау су жіберуге мониторинг 14 гидробекет бойынша мердігер ұйыммен жүзеге асырылады. Күн сайын судың деңгейі жөніндегі мәліметтерді мердігер төтенше жағдайлар департаментінің су жіберу комиссиясы штабына күніне 4 рет жолдайды.

         2016 жылы Қ. Сәтпаев атындағы каналдан Шідерті өзеніне табиғат қорғау өтемдік су жіберу сұрағы бойынша

Жыл сайын Қаныш Сәтпаев атындағы каналдан Шідерті өзеніне табиғат қорғау өтемдік су жіберу жүргізіледі.

Су жіберу 2016 жылғы 8 сәуір және 18 мамыр аралығында өткізілді, ұзақтылығы 39 күн. Барлығы Канал құрылыстары арқылы 100 млн.м3 жіберілген.

Су жіберу есебінен Екібастұз қаласының ауылдық аймағында және Ақтоғай ауданында орналасқан  көлдетіп суару жерлерінің шамамен 20,5 мың га немесе 93,4 % су басқан.

Ертіс өзені бассейнінің су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында, сондай-ақ су шаруашылығын дамыту үшін Басқармамен Қазақстанның су ресурстарын басқару Мемлекеттік бағдарлама аясында келесі іс-шаралар өткізіледі:

Тұрақты суаруды дамыту

Жер балансына сәйкес, облыстағы үнемі суармалы жерлердің ауданы 72,2 мың га құрайды, 45,9 мың га іс жүзінде қолданылады ( 2,2 мың - елді мекен жерлері, 0,1 мың  га- орман қорының жерлері).

2012 – 2016 жылдар аралығында қолданысқа  28 мың  га суармалы жер берілген.

Анықтамалық: "Бизнестің жол картасы-2020 (ИКИ)" (бұдан әрі-БЖК) бағдарламасы бойынша суармалы жерлердің өндірістік инфрақұрылымды дамыту үшін, 9 жоба («Пахарь» ЖШС ШҚ, «Агросервис Акку» ЖШС, «Данекер» ЖШС,  «Маяк» ШҚ, «Тогас» ШҚ, «Галицкое» ЖШС, «Алтынды ПВ» ЖШС, «Заря» ШҚ, «Андас» ШҚ) ауданы 16,7 мың га болатын 5,7 млрд. Тенге бөлініп, игерілді;

- ауыл шаруашылығы өндірушілердің өз қаражаты есебінен 7,7 мың га енгізілген.

Сондай-ақ, 2016 жылы БЖК мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрақты суару құрылыс жүйелерінің 3 ЖОБАҒА  1,0 млрд. тенге бөлінген ( Данекер ШҚ – 347,5 млн. тенге, ЭМПК ЖШС – 352,5 млн. тенге, Маяк ШҚ – 307,7 млн. тенге).  2017 жылы 1540 га ескі жердің орнына жаңа суармалы жерді іске қосу жоспарланып отыр ( Данекер ШҚ – 600 га, ЭМПК ЖШС – 540 га,  Маяк ШҚ– 400 га).

Облыстың тұрақты суару суармалы жерлерін қалпына келтіру мақсатында, мүдделі мемлекеттік органдар мен шаруа қожалықтар бірлесіп, Қазақстанның су ресурстарын басқару Мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар Жоспарына жалпы ауданы 25,4 мың га, соммасы  12,5 млрд. теңге болатын 22 басым жоба енгізілген.

Бүгінде осы жобалар бойынша қалалар мен аудандар әкімдіктерінде Халықаралық қаржы ұйымдарымен жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін суармалы жерлердің инфрақұрылымын  «Казводхоз» РМК республикалық балансқа беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Көлдетіп суаруды дамыту

Жер балансының мәліметтеріне сәйкес  облыста барлығы 73,3 мың га көлдетіп суару жерлері бар, оның ішінде іс жүзінде қолданылатын  33,8 мың га (6,7 мың га- елді мекен жерлері, 32,8 мың га-қор жерлері), оның ішінде:

- Ертіс өзені алқабын көлдетіп суару- 42,2 мың га (Лебяжі, Май, Павлодар);

- Шідерті өзені алқабын көлдетіп суару – 22,7 мың  га (Ақтоғай р-н, Екібастұз қ.а.а.);

- Ащысу, Бала - Шідерті, Құмозен  өзен ағысының есебінен көлдетіп суару – 6,7 мың  га (Баянауыл ауд.);

Бүгінде көлдетіп суару жүйелерінің  техникалық күйі қанағаттанарлықсыз, оның себептерінің бірі табиғатты қорғау су жіберу кезеңінде пайдалану күтімі болмауы болып табылады, ол бөгеттердің саздануына  және ішінара бұзылуына әкеледі.

Көлдетіп суару объектілерін қалпына келтіру мақсатында Мемлекеттік бағдарламаның Жоспарына аудандар бойынша ауданы 24,1 мың га болатын 5 жоба енген, оның ішінде:

- Шідерті көлдетіп  суару жүйесі (Ақтоғай ауданы) - 3,43 мың га

- Шідерті көлдетіп  суару жүйесі (Екібастұз қ.а.а.) – 3,6 мың га.

- Лебяжі көлдетіп  суару жүйесі (Лебяжі ауд) – 4,3 мың га;

- Павлодар көлдетіп  суару жүйесі (Павлодар ауд) – 4,04мың га

- Колыбай көлдетіп  суару жүйесі (Май ауд) – 8,73мың га;

Бүгінгі күнігидротехникалық құрылыстарды  олардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін коммуналдық меншікке, ал кейін - республикалық балансқа беру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз

Версия для слабовидящих