--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Жоба Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

2020-02-07 16:10:00

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Су Кодексінің» 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 223 бұйрығына сәйкес                                       Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                                  М. Стрелковская

 

Облыстық

мәслихаттың хатшысы                                                      Б. Бексейітова

 

 

 

Жоба

 

 

Павлодар облыстық мәслихатының

2020 жылғы «__» _________

№ ____ шешіміне

қосымша

 

Павлодар облысы бойынша 2020 жылға арналған

жерүсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін

төленетін төлемақы мөлшерлемелері

 

Р/с №

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшем

бірлігі

Мөлшерлемелер

теңге

1

2

3

4

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

135,39

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда

1000 текше метр

778,02

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

219,22

4

Су көздерінің суын пайдаланатын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

219,22

5

Су көліктері

1000 тонна шақырым

30,09

 

Версия для слабовидящих