--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы мәслихатының «Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешімі жобасына баспасөз-релизі

2020-02-07 16:07:00

 

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен «Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы» Павлодар облысы мәслихатының шешімі жобасы (бұдан әрі - Жоба) дайындалды.

Жоба Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Су Кодексінің» 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 223 бұйрығына сәйкес дайындалды.

Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Павлодар облысы бойынша ағымдағы жылға жер үсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін орнату.

Жоба 2020 жылғы 18 қаңтарда бұқаралық ақпарат құралдарында «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа Самалы» газеттерінде және Басқарманың интернет-ресурсында жарияланды.

Жоба 2020 жылғы 21 қаңтардан 5 ақпанға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, сонымен қоса Павлодар облысы Қоғамдық кеңесіне ұсыным хат алу үшін жолданды.

Осы шешімді іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.

Версия для слабовидящих