--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешімінің жобасына баспасөз-релизі

Павлодар облыстық мәслихатының

«Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы»

шешімінің жобасына баспасөз-релизі

 

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) «Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Павлодар облыстық мәслихатының шешімінің жобасы (бұдан әрі - Жоба) дайындалды.

Жоба Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабы 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 587-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы» № 383 бұйрығына сәйкес дайындалды.

Осы шешімі қабылдаудың мақсаты Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріне орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлермелерін бекіту.

Жоба 2019 жылғы 17 тамызда бұқаралық ақпарат құралдарында «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа Самалы» газеттерінде және Басқарманың интернет-ресурсында жарияланды.

Жоба 2019 жылғы 19 тамыздан 04 қырқүйекте дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, сонымен қоса Павлодар облысы Қоғамдық кеңесіне ұсыным хат алу үшін жолданды.

Осы шешімі іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.

Версия для слабовидящих