--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

2019-08-19 16:14:00

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабы 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 587-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы» № 383  бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін келесі төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихатының экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

Е. Арынов

 

 

Облыстық

мәслихаттың хатшысы

 

Б. Бексейітова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы Экология, геология

және табиғи ресурстар министрлігі Орман  шаруашылығы және жануарлар дүниесі

комитетінің Павлодар облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясы» республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_______________ Н.Т. Жүнісов

2019 жылғы «__» _______

 

 

Павлодар облыстық мәслихатының

2019 жылғы «__» _________

№ ____ шешіміне

қосымша

 

 

Павлодар облысының

мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

 

р/б

Атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік үшін төлемақы мөлшерлемесі

(айлық есептік көрсеткіш - АЕК)

1

2

3

4

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді орман пайдалану

1.

Шабынды пайдаланатын жерлер

1 гектар

0,557

2.

Мал бағу

 

Ірі мал (ірі қара мал, жылқы)

1 бас

0,347

 

Ұсақ мал (қой)

1 бас

0,087

 

Ұсақ мал (ешкі)

1 бас

0,303

 

Ірі қара мал төлі

1 бас

0,173

3.

Ара ұялары мен омарталардың орналасуы

1 ара ұясы

0,619

4.

Екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындау

 

Қайың бұтақтары

1 килограмм

0,023

5.

Ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда  

әр күн сайын

0,1

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалану

1.

Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттарда

1 гектар

0,309

2.

Тарихи-мәдени, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда

1 гектар

0,878

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для слабовидящих