--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына баспасөз-релизі

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен «Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Жоба) дайындалды.

Жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес дайындалды.

Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшінің жойылуын тану.

Жоба 2019 жылғы 29 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарында «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа Самалы» газеттерінде және Басқарманың интернет-ресурсында жарияланды.

Жоба 2019 жылғы 12 тамыздан 26 тамызға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, сонымен қоса Павлодар облысы Қоғамдық кеңесіне ұсыным хат алу үшін жолданды.

Осы қаулыны іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.

Версия для слабовидящих