--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

0000-00-00 00:00:00

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Т. Нүкеновке жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Облыс әкімі                                                                        Б. Бақауов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Ертіс

бассейндік инспекциясының басшысы

_______________ Қ.Қ. Баймағамбетов

2019 жылғы «____» ____________

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің

Павлодар облысы тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің сапасы

мен қауіпсіздігін бақылау

департаментінің басшысы

_______________ И.Н. Сорокина

2019 жылғы «____» _____________

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2019 жылғы «___» ________

№ ____ қаулысына

қосымша

 

 

Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған

кейбір қаулыларының тізбесі

 

  1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы «Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 219/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 қыркүйекте «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған).
  2. Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі «Павлодар және Ақсу қалаларының аумағындағы Ертіс өзенінің, Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды және Мойылды көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 92/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3134 болып тіркелген, 2009 жылғы 21 сәуірде «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған).
  3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы «Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 219/8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 25/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4321 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
  4. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қарашадағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы «Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 219/8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 313/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4837 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
  5. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы «Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 219/8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 63-1/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

 

Версия для слабовидящих