--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту және Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

2019-07-05 09:46:00

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабы                     2-тармағының 3-1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес,      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Павлодар облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
  2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  3. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар облысы бойынша филиалына жіберілуін;

осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулынының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Батановқа жүктелінсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Облыс әкімі                                                                 Б. Бақауов

 

Приложение 1 каз Приложение 2 каз

Версия для слабовидящих