--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы әкімдігінің «Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету көлемін айқындау туралы» қаулысының жобасына баспасөз-релизі

0000-00-00 00:00:00

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен Павлодар облысы әкімдігінің «Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету көлемін айқындау туралы»  қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) дайындалды.

Жоба Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»  Кодексінің 274-бабына сәйкес дайындалды.

Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру болып табылады.

Жоба 2019 жылдың 30 наурызында бұқаралық ақпарат құралдарында «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа Самалы» газеттерінде және Басқарманың интернет-ресурсында жарияланды.

2019 жылдың 28 ақпанынан 15 наурызына дейін Жоба «Ашық НҚА» порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2087514), сонымен қоса 2019 жылдың 7 маусымында №19 хаттамасымен Павлодар облысы әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесімен келісілген және 2019 жылдың 17 мамырында Павлодар облысының Қоғамдық кеңесінен №50 ұсыным хат алынды.

Осы қаулыны іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.

Версия для слабовидящих