--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы әкімдігінің «Облыс аумағында қарантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгілеу туралы» қаулысының жобасына баспасөз-релизі

0000-00-00 00:00:00

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен «Облыс аумағында қарантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) дайындалды.

Жоба Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес дайындалды.

Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты карантинді зиянкестердің ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды жүргізу.

Жоба 2019 жылғы 30 наурызда бұқаралық ақпарат құралдарында «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа Самалы» газеттерінде жарияланды.

Жоба 2019 жылғы 3 сәуірден 17 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2326186).

Осы қаулыны іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.

Версия для слабовидящих