--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Павлодар облысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» № 151/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

2019-03-13 10:47:00

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Павлодар облысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы

мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы»

№ 151/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес,                   Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Павлодар облысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» № 151/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4585 тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) қайлысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақтын 2), 4) тармақшалары көрсетілген қаулыдан алынып тасталсын.

  1. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Т. Нүкеновке жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    

 

 

          Облыс әкімі                                                                        Б. Бақауов

Версия для слабовидящих