--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

«Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 145/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

2019-03-06 15:52:00

 «Павлодар облысы әкімдігінің  2015 жылғы 22 мамырдағы

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 145/5 қаулысына өзгерістер

енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына

баспасөз-релизі

 

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен «Павлодар облысы әкімдігінің  2015 жылғы 22 мамырдағы «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 145/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» облыс әкімдігі қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) дайындалды.

Жоба Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес дайындалды.

Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру», «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттарына енгізілген өзгерістеріне сәйкес келтіру.

Жоба Басқарманың интернет-ресурсында жарияланды.

Жоба 2019 жылғы 6 наурызда «Ашық НҚА» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2313092) порталында орналастырылған, сонымен қоса Павлодар облысы Қоғамдық кеңесіне ұсыным хат алу үшін жолданды.

Осы қаулыны іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.

Версия для слабовидящих