--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

«Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы және Павлодар облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасына баспасөз-релизі

2019-02-18 12:02:00

«Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар

 үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы және Павлодар облысы

мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»

облыстық мәслихат шешімінің жобасына баспасөз-релизі

 

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен «Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар  үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы және Павлодар облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасы (бұдан әрі - Жоба) дайындалды.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 576-бабы 8-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Ресубликасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексінің күші жойылғанына және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының жаңа Кодексінің қабылдануына байланысты қоршаған ортаға эмиссияларға арналған ставкалар қайта қаралуы тиіс.

Жоба 2019 жылғы 16 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа Самалы» газеттерінде және Басқарманың интернет-ресурсында жарияланды.

Жоба 2019 жылғы 14 ақпаннан 28 ақпанға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2077839), сонымен қоса Павлодар облысы Қоғамдық кеңесіне ұсыным хат алу үшін жолданды.

Осы Жобаны іске асыру қаржы бөлуді талап етпейді.

Версия для слабовидящих