--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Павлодар облысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» № 151/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

2019-02-06 12:00:00

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес,                   Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Павлодар облысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» № 151/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4585 тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) қайлысына келесі өзгерістер енгізілсін:

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1 тармақтын 2) тармақшасы осы қаулыдан алынып тасталсын;

«Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1 тармақтын 4) тармақшасы осы қаулыдан алынып тасталсын;

«Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің барлық мәтіні бойынша «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» сөздері «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» сөздерімен ауыстырылсын.

  1. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.С. Шарабасовқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    

 

 

          Облыс әкімі                                                                        Б. Бақауов

Версия для слабовидящих