--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Павлодар облысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» № 151/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

2019-02-06 11:58:00

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Павлодар облысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» № 151/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) дайындалды.

Жоба Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйегіндегі Қаулысына сәйкес дайындалды.

Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру.

Жоба 2018 жылдың 29 қаңтарында бұқаралық ақпарат құралдарында «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа Самалы» газеттерінде және Басқарманың интернет-ресурсында жарияланды.

Жоба 2019 жылғы 1 ақпанда «Ашық НҚА» (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2068885) порталында орналастырылған, сонымен қоса Павлодар облысы Қоғамдық кеңесіне ұсыным хат алу үшін жолданды.

Осы қаулыны іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.

Версия для слабовидящих