--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Павлодар облысы әкімдігінің

«Павлодар облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы

құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» қаулысының жобасына

баспасөз-релизі

 

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен «Павлодар облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) дайындалды.

Жоба Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 09 шілдедегі Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес дайындалды.

Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты Павлодар облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер тізімін белгілеу.

Жоба 2018 жылғы 19 сәуірде бұқаралық ақпарат құралдарында «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа Самалы» газеттерінде және Басқарманың интернет-ресурсында жарияланды.

Жоба 2018 жылғы 2 тамыздан 16 тамызға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, сонымен қоса Павлодар облысы Қоғамдық кеңесіне ұсыным хат алу үшін жолданды.

Осы қаулыны іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.

Версия для слабовидящих