--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы әкімдігінің «Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету көлемін айқындау туралы» қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен Павлодар облысы әкімдігінің «Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету көлемін айқындау туралы»  қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) дайындалды.

Жоба Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»  Кодексінің 274-бабына сәйкес дайындалды.

Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру болып табылады.

Жоба 2018 жылдың 22 қарашасында бұқаралық ақпарат құралдарында «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа Самалы» газеттерінде және Басқарманың интернет-ресурсында жарияланды.

2018 жылдың 11 желтоқсанынан 27 желтоқсанына дейін Жоба «Ашық НҚА» порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2040524), сонымен қоса 2018 жылдың 29 желтоқсанында №32 хаттамасымен Павлодар облысы әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесімен келісілген және 2018 жылдың 13 қарашасында Павлодар облысының Қоғамдық кеңесінен №105 ұсыным хат алынды.

Осы қаулыны іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.

Версия для слабовидящих