--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

                    Жоба

 

 

Павлодар облысы мәслихатының

ШЕШІМІ

(__ сайланған, ____ сессиясы)

№ _______

 

Павлодар қаласы                                                2019 жылғы ____ __________

 

Павлодар облысы бойынша жер

үсті көздерінің су ресурстарын

пайдаланғаны үшін 2019 жылға

арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Су Кодексінің» 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 223 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                                  А. Бойчин

 

Облыстық

мәслихаттың хатшысы                                                      Б. Бексейітова

 

 

Павлодар облысы мәслихатының

2019 жылғы ________________

№ ___шешіміне

қосымша

 

 

Павлодар облысы бойынша 2019 жылға арналған

жерүсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін

төленетін төлемақы мөлшерлемелері

 

Р/с

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшем

бірлігі

Мөлшерлемелер

теңге

1

2

3

4

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

128,46

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда

1000 текше метр

738,16

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

207,99

4

Су көздерінің суын пайдаланатын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

207,99

5

Су көліктері

1000 тонна шақырым

28,54

                   

Версия для слабовидящих