--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы мәслихатінің 2016 жылғы 6 желтоқсанындағы «Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» №70/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2018-11-08 15:41:00

Павлодар облысы мәслихатінің 2016 жылғы 6 желтоқсанындағы «Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» 70/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексінің              38 бабы 1 тармақшасына, 65 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 19-1/252 бұйрығына сәйкес, Павлодар облысының маслихаты ШЕШТІ:

  1. Павлодар облысы маслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы «Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» №70/9 (Мемлекеттік тіркеу Реестрі нормативтік құқықтық актте № 5323 тіркеу, 2017 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкте жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімінің қосымшасын осы шешімінің қосымшасына сәйкес келесі редакцияда баяндалсын.

«11. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып:

1) тыйым салу және ескерту белгілері орнатылған жерлерде шомылу;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Су объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» № 34 бұйрығының талаптарына сәйкес демалу мен шомылу алаңдары үшін қауіпті және жабдықталмаған суайдындарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар тыйым салу және ескерту белгілерін орнатады;

2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган тыйым салған немесе шектеу қойған жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз су мен тұрмыстық қажеттіліктерге арналған су алу;

3) тиісті тыйым салу немесе ескерту белгілері орнатылған жерлерде шағын кемелерде және басқа жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтыны айқындалсын;

4) мал суару осы Ереженің 10-тармағының талаптарына сәйкес жол беріледі.»

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Комиссия төрағасы                                                     Э. Паули

 

Облыстық маслихат

хатшысы                                                                       Б. Бексеитова    

 

 

Версия для слабовидящих