--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі «Павлодар және Ақсу қалалары, Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды және Мойылды көлдері аумағында Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 92/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

2017-12-13 17:38:00

Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі «Павлодар және Ақсу қалалары, Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды және Мойылды көлдері аумағында Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 92/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1 / 446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі «Павлодар және Ақсу қалалары, Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды және Мойылды көлдері аумағында Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 92/6 қаулысына(2009 жылғы 21 сәуірде «Звезда Прииртышья» газеттерде жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3134 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

жарлықтың преамбуласы келесідей оқылуы тиіс:

«Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1 / 446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

аталған қаулыға 3-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

2. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілер Эталонды бақылауына қосу және ресми жариялануы үшін қазақ және орыс тілдерінде электронды және қағаз көшірмесі шаруашылық құқықта жүргізілетін республикалық мемлекеттік мекеме «Құқықтық ақпараттың республикалық орталығына» жіберілсін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамассыз ету.  

          3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.К.Касеновқа жүктелсін.

         4.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

          Облыс әкімі                                                                  Б. Бакауов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігі Су

ресурстары комитетінің Су ресурстарын

пайдалануды реттеу және қорғау

жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы

республикалық мемлекеттік мекемесінің

басшысының міндетті атқарушысы

_______________ Қ.Қ. Баймағамбетов                                                    

2017 жылғы «____» ____________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын

қорғау комитетінің Павлодар облысы

бойынша тұтынушылардың құқықтарын

қорғау департаментінің басшысы

_______________ И.Н. Сорокина

2017 жылғы «____» _____________

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2009 жылғы 6 сәуірдегі

«Павлодар және Ақсу қалалары,

 Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл,

Торайғыр, Маралды және Мойылды

 көлдері аумағында Ертіс өзенінің

су қорғау аймақтары мен

белдеулерін белгілеу туралы»

№ 92/6 қаулысына
3-қосымша

 

 

Павлодар және Ақсу қалалары, Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды және Мойылды көлдері аумағында Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері аумағында   шаруашылық әрекет режимі

 

1. Павлодар және Ақсу қалалары аумағындағы Ертіс өзенінің, Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды және Мойылды көлдері бойынша  су қорғау белдеулерінің шегінде жол берілмейді:

         1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке; 

         2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

         3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

         4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға; 

         5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге); 

         6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

         7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға рұқсат етілмейді. 

2. Павлодар және Ақсу қалалары аумағындағы Ертіс өзенінің, , Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды және Мойылды көлдері бойынша  су қорғау аймақтары шегінде жол берілмейді:

1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге; 

         2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

         4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

         5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне; 

         6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

         7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді. 

         Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) рұқсат етілмейді.

 

Версия для слабовидящих