--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2018 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

2018-01-31 16:17:00

Жоба

 

 

 

Павлодар облысы мәслихатының

ШЕШІМІ

(__ сайланған, ____ кезекті сессиясы)

№ _______

 

Павлодар қаласы                                               2018 жылғы ____ __________

 

Павлодароблысыбойыншажер

үсті көздерінің су ресурстарын

пайдаланғаны үшін 2018жылға

арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Су Кодексінің» 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 223 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2018 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Сессия төрағасы                                                                  М. Стрелковская

 

Облыстық

мәслихаттың хатшысы                                                      В. Берковский

 

Павлодар облысы мәслихатының

2018 жылғы ________________

№ ___шешіміне

қосымша

 

 

Павлодар облысы бойынша 2018 жылға арналған

жерүсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін

төленетін төлемақы мөлшерлемелері

 

 

Р/с

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшем

бірлігі

Мөлшерлемелер

теңге

1

2

3

4

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 тек. м

121,99

2

Өнеркәсіп, жылу энергетика-сын қоса алғанда (өндірістік қажеттіліктер)

1000 тек. м

701,01

3

Ауыл шаруашылығы

1000 тек. м

197,52

4

Су көздерінің  суын пайдала-натын тоған шаруашылықтары

1000 тек. м

197,52

5

Су көліктері

1000 тек. м

27,11

 

 

Версия для слабовидящих