--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларды және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттарды электрондық нысанда алудың пайдасы туралы

2017-05-18 17:13:00

Тиімділіткі жоғарлату, сапа, қол жетімділік және ашықтық мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі принциптері болып табылады.

Сондықтан, II, III  және  IV санаттардағы объектілер үшін  мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларды және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттарды беру бойынша «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтері  электронды алуға қолжетімді.

Құжаттарды  «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпарат жүйесі арқылы электронды өтінімді беру жолымен немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ (бұдан әрі – Мемкорпорация) филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну арқылы рәсімдеу мүмін.

Электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алу жеке және заңды тұлғаларға (азаматтарына және ұйымдарына) мынадай артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

- қызметтерді алумен байланысты ақпараттың қолжетімділігі  ;

- құжаттарды алуға арналған өтінімді, интернет бар, кез-келген ыңғайлы жерде үй немесе жұмыс компьютерінен беруге болады;

 - уақыт пен ресурстарды үнемдеу; 

- оның өтініші бойынша әрбір жұмыс кезеңінде азаматтың ақпараттандыруы; 

- электрондық түрде қызмет нәтижесін алуы;

- жеке кабинетте электрондық құжаттарды сақтау ;

- мемлекеттік органмен  өтініш берушінің тікелей байланысының әкімшілік кедергілерді алып тастау.

Электронды сандық қолы бар және интернетке қосылған кез келген жеке немесе заңды тұлға, қажет болса  онлайн қызметке тапсырыс беруге мүмкіндігі бар. Ол үшін www.elicense.kz порталына тіркелу, жеке кабинетке рұқсат алу, қажетті қызмет түрін таңдап алып, «онлайн қызметіне тапсырысын» таңдап алу керек. Тапсырыс талап ететін форманы толтырғаннан кейін, (мәліметтерді енгізу және сканерленген құжаттарды туркеу) нормативті құжаттардың талаптарын және мемлекеттік қызмет стандарттарын ескере отырып, тапсырыс ЭСҚ көмегімен қол қойылады және  қарастырылу үшін мемлекеттік органға жолданады. Электронды қызметтің нәтижесі заңнамамен бекітілген мерзімде, жеке кабинетке келеді.

«Е-лицензиялау» порталымен жұмыс жасау кезінде сұрақтар пайда болған жағдайда, бірыңғай контакт-орталық операторларының көмегіне жүгінуге болады (ақысыз номерлер: 1414, 88000807777), сонымен қатар Павлодар облысның жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының порталы мен интернет-ресурсында орналасқан сыртқы порталмен қолданушының нұсқауын пайдалнуға болады.

Жыл  сайын  өтініштерін электронды түрде беруді басымдық танытқан  табиғат пайдаланушылар саны артып келе жатқандығын айта кету керек.  Егер 2014 жылы Басқармамен ХҚКО арқылы және өтініштерін электронды түрде бергендерге  89 қызмет көрсетілді деп санаса, 2015 жылы олардың саны 560, 2016 жылы – 1098 құрады.        

Бұл рұқсат беру құжаттарын электронды форматта алу  танымалдығының артуын және халықтың компьютерлік сауаттылығы деңгейін артуын  көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қажет ақпаратты және консультацияны Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 5/1 мекенжайы бойынша «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ, 32-93-79, 65-25-59 телефон арқылы немесе біздің сайтта (tabigatpv.gov.kz) алу мүмкін.   

Сондай-ақ оқыңыз

Версия для слабовидящих