--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

«Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ 2014 жылы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

       1.     Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Павлодар облысының әкімдігі«Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2014 жылдаПавлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы11 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер тізіліміне және стандарттарына сәйкес 3 мемлекеттік қызмет ұсынылады: «ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру»; «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»; «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жерқойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу».

«Орман және ағаш кесу билетін беру» мемлекеттік қызметі басқармаға бағынысты мемлекетік мекемелері: «Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау» ММ, «Үрлітүп орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі» ММ, «Максим горький орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі»  ММ көрсетіледі.

Мемлекеті қызметтер тегін негіздекөрсетіледі.

 

2014 ж. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны(бағынысты мекемелерді қоса алғанда)

 

халыққақызметкөрсетуорталықтарыарқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

қағазнысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

электрондықнысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

(«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректерқоры» ақпараттық жүйесі арқылы)

1929

36

177

1716

 

2014 жылда басқарма көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар және регламенттері бекітілген. 

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

-            «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» – 1219, осы 2014 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 63,2 % құрайды

-            «ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» – 533(27, 6 %).

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсетутәртібі туралы ақпаратқақолжеткізукөздері мен орындары туралы мәліметтер:

- «Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ ғимаратында қызметті алушыларға арналған  ақпаратпен стенді (мемлекеттік қызеттердің қолданыстағы стандарттары және регламенттері, қажетті қыжаттардың тізімі, өтініш нысаны, толтыру үлгілер);

- мемлекеттік мекемеге үндейтін табиғат пайдалаушыларымен түсіндіру жұмысын жүргізу;

- облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының интернет-ресурсі (www.tabigatpv.gov.kz) және облыс әкімдігінің интернет-ресурсі (www.pavlodar.gov.kz).

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңына сәйкесмемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган жасайды.

3)       Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.

Қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу мүмкіндігі туралы хабардар болуының деңгейін арттыру, стандарттары мен регламенттерін бұзуды алдын алу мақсатындаоблыс БАҚ-та «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтері туралы» мақала жарияланған.

Басқарманың қызметкерлері жылдың барасында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 3 «дөңгелек стол»жәнесеминарда қатысқан.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында халықтан талап етілетін құжаттар санын қысқарту, бизнес үрдістерді оңтайландыру жіне автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «II, III және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру», «II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссиялар рұқсаттарын беру» электрондық түріне (ішінара автоматтандырылған) ауысты және тұрақты негізде электрондық форматта  «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетуге жатады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Басқарманың қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мамандары мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету мәселелері бойынша техникалық және консультациялық қолдау жүзеге асырылады, «Е-Лицензиялау» МДҚ» АЖ жұмыс жасауы бойынша жаңартумен таныстырады, ақпараттық жүйесінде ескертулер мен ұсыныстарды қабылдайды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру мерзімдері қысқартылды: III санат объектілер үшін – 1 (бір) айдан 10 жұмыс күнге дейін, IV санаттағы объектілер үшін – 1 (бір) айдан 5 жұмыс күнге дейін. ҚР Энергетика министрілігі рұқсаттамаларды беру мерзімдерін қысқартуды және рұқсат алу үшін құжаттардың топтамасын оңтайландыруды есепке ала отырып мемлекеттік қызметі көрсету стандартын әзірленеді.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілген қызметтерге шағымдары есептік қезеңде басқармаға келіп түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2014 жылда «электрондық үкімет» порталынан және қағаз нұсқасында келіп түскен арыздардың уақытында тіркелмеуі, сондай-ақ  электрондық мемлекеттік қызметтерді уақытында көрсетпеу  жағдайлары болған жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен ҚР Экологиялық кодексіне ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру мерзімдерін қысқарту бөлігінде көзделген өзгерістері мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатуға және, өз кезегiнде,мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын алушылардың қанағаттануын арттыруға бағытталған.

 

Версия для слабовидящих