--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ «Павлодар қ. Солтүстік өнеркәсіптік ауданындағы Альфа учаскесіндегі саз балшықты жыныстарға іздеу-бағалау жұмыстарының» жұмыс жобасын және іздеу-бағалау жұмыстарын кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар

2010-10-28 12:10:13

ҚР Экологиялық Кодексінің 57-бабына сәйкес, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ «Павлодар қ. Солтүстік өнеркәсіптік ауданындағы Альфа учаскесіндегі саз балшықты жыныстарға іздеу-бағалау жұмыстарының» жұмыс жобасы  (бұдан әрі – жоба) және Павлодар қ. Солтүстік өнеркәсіптік ауданындағы Альфа учаскесіндегі саз балшықты жыныстарға іздеу-бағалау жұмыстарын кезеңіне Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – жоспар жобасы) бойынша  жария тыңдауын өткізеді. Жобаның және Іс-шаралар жоспары жобасының қағаз түріндегі нұсқасымен Павлодар қ., Кривенко көш., 27, ҚОҚБ кабинеті, байланыс телефоны 39-95-60, мекенжайы бойынша танысуға болады. Жобаның және Іс-шаралар жоспары жобасының электронды нұсқасы www.pavlodarenergo.kz сайтында орналастырылатын болады.

Жоспар жобасы және жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар B.Yusupova@pavlodarenergo.kz  электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

Жария тыңдау 2016 жылғы 7 сәуір күні сағат 11-00-де Павлодар қ. Торайғыров көш., 76, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Оқу орталығының  ғимаратында өткізіледі.

Тыңдауға қатысушыларды тіркеу сағат 10-30-да басталады.

Версия для слабовидящих