--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

2017 ж. бойынша Павлодар облысының қоршаған орта жай-күйі

2017 ж. бойынша Павлодар облысының қоршаған орта жай-күйі

 

Павлодар облысының қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат «Қазгидромет» РМК мамандандырылған департаменттерінің «Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің байқау желісіне қоршаған ортаны экологиялық мониторинг жүргізу туралы» жұмысының қорытындысы бойынша дайындалған «Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы туралы ақпараттық бюллетеньге» сәйкес дайындалды.

Ақпараттық бюллетень (толық нұсқа) http://kazhydromet.kz сайтында Қазақстан Республикасының «Қазгидромет» сайтында «Экологиялық мониторинг» бөлімінде бар.

 

  1. Павлодар қаласы бойынша атмосфералық ауаның ластану жай-күйі

 

Атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау 6 стационарлық бекетте жүргізілді (12.1-кесте).

12.1- кесте

Бақылау бекеттерінің орналасу орны мен анықталатын қоспалар

Бекет нөмірі

Сынама мерзімі

Бақылау жүргізу

Бекет мекен-жайы

Анықталатын қоспалар

1

тәулігіне 3 рет

қол күшімен алынған сынама(дискретті әдіс)

Камзин мен Чкалов көшелерінің қиылысы

қалқыма бөлшектер (шаң), күкірт диоксиді, сульфаттар, көміртегі оксиді, азот диоксиді, күкірттісутегі, фенол, хлор, хлорлы сутегі

2

Айманов көшесі, 26

3

әр 20 минут сайын

үзіліссіз режимде

Ломов көшесі

РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді мен оксиді, көмірсутегісінің сомасы, метан

4

Қазправда көшесі

РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді мен оксиді, күкірттісутегі, көмірсутегісінің сомасы,  метан

5

Естай көшесі, 54

РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді мен оксиді, озон, күкірттісутегі, көмірсутегісінің сомасы,аммиак, метан

6

Затон көшесі,39

                                                                                                                                     

Атмосфераның ластануын жалпы бағалау. 2017 жылдың стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша (12.1 сур.) қаланың атмосфералық ауасы ластану деңгейі төмен болып бағаланды. АЛИ=2 (төмен деңгей) құрады. СИ=4(жоғары деңгей) және ЕЖҚ=1% (көтеріңкі деңгей) анықталды.

*БҚ деректері бойынша, егер АЛИ, СИ, ЕЖҚ әртүрлі градацияға түссе,онда  атмосфераның ластану деңгейі осы көрсеткіштерідің ең жоғарғы мәні АЛИ бойынша бағаланады.

2016 жылмен салыстырғанда атмосфералық ауаның ластану деңгейі өзгерген жоқ.

Ластаушы заттардың орташа шоғырлары ШЖШ-дан аспады.

Қалқыма бөлшектердің (шаң) максималды-бірлік шоғырлары– 2,0 ШЖШм.б., РМ-2,5 қалқыма бөлшектері – 2,8 ШЖШм.б., РМ-10 қалқыма бөлшектері – 3,2 ШЖШм.б., көміртегі оксиді – 3,8 ШЖШм.б., азот диоксиді – 3,2 ШЖШм.б., азот оксиді – 4,8 ШЖШм.б., күкіртті сутегі – 3,8 ШЖШм.б, фенол – 2,0 ШЖШм.б.құрады, басқа ластаушы заттардың шоғырлары ШЖШ-дан аспады.

 

  1. Павлодар қаласының эпизодтық бақылау деректері бойынша атмосфералық ауаның жай-күйі

 

Павлодар кентінде атмосфералық ауаның ластануына бақылау 1 нүктеде (№1 нүкте – Павлодар қаласы,Солтүстік өнеркәсіптік аймағы) жүргізілді.

Аммиактың, формальдегидтің, фтор сутегінің, бензиннің, бензолдың, этилбензолдың шоғырлары өлшенді.Этилбензолдың шоғыры4,8 ШЖШм.б.,құрады.

 

 

Этилбензол шоғыры - 4,8 ШЖШ м.б., бензол - 1,1 ШЖШм.б. құрады. Бақылау деректері бойынша басқа ластаушы заттардың шоғыры шекті жол берілген шоғырдан аспады(12.2-кесте).

12.2-кесте

Павлодар қаласының бақылау деректері бойынша ластаушы заттардың максималды шоғырлары

Анықталатын қоспалар

qmмг/м3

qm/ШЖШ

Амиак

0,008

0,04

Формальдегид

0

0

Фтор сутегі

0,001

0,05

Бензин

2,898

0,58

Бензол

0,33

1,1

Этилбензол

0,097

4,8

 

  1. Екібастұз қаласы бойынша атмосфералық ауаның ластану жай-күйі

 

Атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау 3 стационарлық бекетте жүргізілді (12.3-кесте).

12.3 - кесте

Бақылау бекеттерінің орналасу орны мен анықталатын қоспалар

Бекет нөмірі

Сынама мерзімі

Бақылау жүргізу

Бекет мекен-жайы

Анықталатын қоспалар

2

тәулігіне 3 рет

қол күшімен алынған сынама(дискретті әдіс)

8 ш-а, Беркембаев және Сәтбаев көшелері

қалқыма бөлшектер (шаң), күкірт диоксиді, сульфаттар, көміртегі оксиді, азот диоксиді

1

әр 20 минут сайын

үзіліссіз режимде

Мәшқұр Жүсіп көшесі, 118/1

РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді мен оксиді, күкірттісутегі, көмір сутегінің сомасы, метан

3

Машқұр Жүсіп көшесі,сорғыш бұрқақ стансаның маңы

РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, көміртегі оксиді, азот диоксиді мен оксиді, озон, көмірсутегісінің сомасы,аммиак, метан

 

            12.2сур. Екібастұз қаласының атмосфералық ауа ластануын бақылау стационарлық желісінің орналасу сызбасы

 

Атмосфераның ластануын жалпы бағалау. 2017 жылдың стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша (12.2-сур.) қаланың атмосфералық ауасы ластану деңгейі  төмен болып бағаланды. АЛИ=3(төмен деңгей) құрады. СИ=4(көтеріңкі деңгей), ЕЖҚ=1%(көтеріңкі деңгей).

*БҚ деректері бойынша, егер АЛИ, СИ, ЕЖҚ әртүрлі градацияға түссе,онда  атмосфераның ластану деңгейі осы көрсеткіштерідің ең жоғарғы мәні АЛИ бойынша бағаланады.

2016 жылмен салыстырғанда атмосфералық ауаның ластану деңгейі өзгерген жоқ.

Озонның (жербеті) орташа шоғырлары1,1 ШЖШо.т.құрады, басқа ластаушы заттар ШЖШ-дан аспады.

Қалқыма бөлшектердің (шаң) максималды-бірлік шоғырлары – 1,6 ШЖШм.б., РМ-2,5 қалқыма бөлшектері – 1,1 ШЖШм.б., РМ-10 қалқыма бөлшектері – 2,1 ШЖШм.б., күкірт диоксиді– 3,4ШЖШм.б., көміртегі оксиді – 4,3 ШЖШм.б.,азот диоксиді– 2,0ШЖШм.б., күкіртті сутегі – 3,8 ШЖШм.б., басқа ластаушы заттардың шоғырлары ШЖШ-дан аспады (1-кесте).

 

  1. Ақсу қаласы бойынша атмосфералық ауаның ластану жай-күйі

 

Атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау 1 стационарлық бекетте жүргізілді (12.3-сур., 12.4-кесте).

12.3- кесте

Бақылау бекеттерінің орналасу орны мен анықталатын қоспалар

Бекет нөмірі

Сынама мерзімі

Бақылау жүргізу

Бекет мекен-жайы

Анықталатын қоспалар

1

әр 20 минут сайын

үзіліссізрежимде

Әуезов көшесі, 4 «Г»

РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді мен оксиді,күкіртті сутегі, көмірсутегісінің сомасы,метан

 

 

Атмосфераның ластануын жалпы бағалау. 2017 жылдың стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша (12.3-сур.) қаланың атмосфералық ауасы ластану деңгейі төменболып бағаланды.  АЛИ=1(төмен деңгей) құрады. СИ=4 (көтеріңкі деңгей) және ЕЖҚ=0% (төмен деңгей).

*БҚ деректері бойынша, егер АЛИ, СИ, ЕЖҚ әртүрлі градацияға түссе,онда  атмосфераның ластану деңгейі осы көрсеткіштерідің ең жоғарғы мәні АЛИ бойынша бағаланады.

2016 жылмен салыстырғанда атмосфералық ауаның ластану деңгейі өзгерген жоқ.

Ластаушы заттардың орташа шоғырлары ШЖШ-дан аспады.

Күкіртті сутегінің максималды-бірлік шоғырлары3,7 ШЖШм.б.құрады, басқа ластаушы заттардың шоғырлары ШЖШ-дан аспады.

 

 Павлодар облысының аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамы

 

Атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамына бақылау 3  метеостанцияларда (Ертіс, Павлодар, Екібастұз) алынған жаңбыр суына сынама алумен жүргізілді.

Жауын-шашын құрамында барлық анықталатын заттардың шоғырлары шекті жол берілген шоғырлардан(ШЖШ) аспады.

Жауын-шашын сынамаларында гидрокарбонаттар 32,7 %, сульфаттар 24,9 %, кальций иондары 12,3 %, хлоридтер 11,3%,натрий иондары 6,9 % болды.

Ең үлкен жалпы минерализация Ертіс МС – 61,3 мг/л, ең азы Екібастұз МС– 24,8 мг/л белгіленді.

Атмосфералық жауын-шашынның үлесті электрөткізгіштігі 41,6 мкСм/см-ден (Екібастұз МС) 101,2 мкСм/см (Ертіс МС) дейінгі шекте болды.

Түскен жауын-шашын қышқылдылығы сілтісі аз сипатта, 6,08 (Екібастұз МС) – 6,5 (Ертіс МС) аралығында болды.

 

 Павлодар облысы бойынша 2016-2017 жж.арналған қар жамылғысының химиялық құрамы

 

Қар жамылғысының  химиялық құрамына бақылау 3 метеостанцияда (Ертіс, Павлодар, Екібастұз) жүргізілді.

Қар жамылғысы құрамында барлық анықталатын заттардың шоғырлары шекті жол берілген шоғырлардан (ШЖШ) аспады.

Қар жамылғысы сынамаларында сульфаттар 39,04 %, хлоридтер 14,17 %, гидрокарбонаттар 10,23 %, калций иондары 9,13 %, натрий иондары  8,63 %, калий иондары 7,27 % және магний иондары 4,86 %  басым болды.

Ең үлкен жалпы минерализация Екібастұз МС – 30,4 мг/л, ең азы Павлодар МС - 16,1 мг/л белгіленді.

Қар жамылғысының үлесті электр өткізгіштігі 33,7 мкСм/см-ден (Ертіс МС)  57,4 мкСм/см (Екібастұз  МС) дейінгі шекте болды.

Түскен қар сынамаларындағы қышқылдық әлсіз қышқыл және сілтісі аз сипатта болып, 5,3(Екібастұз МС) – 6,3 (Павлодар МС) аралығында өзгерді.

 

 

 

12.4 сур. Павлодар облысы аумағындағы атмосфералық жауын-шашын мен қар жамылғысын бақылау метеостансаларының орналасу сызбасы

  1. Павлодар облысының жер үсті су сапасы

 

Павлодар облысы аумағындағы жер үсті суларының сапасын бақылау 4 су нысанында  жүргізілді ( Ертіс, Усолка өзендері, Жасыбай,  Сабындыкөл көлдері).

Ертіс өзені су температурасы 0,1-28,0⁰С шегінде, сутегі көрсеткішінің орташа мәні 8,03,  суда еріген оттегінің шоғыры орта есеппен 10,6  мг/дм³,  ОБТорта есеппен 1,8 мг/дм³. Ауыр металдар (мыс (2+) 1,6ШЖШ) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы тіркелді.

Усолка өзенісу температурасы 0,4-25,0⁰С шегінде, сутегі көрсеткішінің орташа мәні 7,82  суда еріген оттегінің шоғыры орта есеппен 9,0 мг/дм³,  ОБТорта есеппен 1,57 мг/дм³. Ауыр металдар (мыс (2+) 1,4 ШЖШ) және биогенді заттар (жалпы темір  1,3 ШЖШ) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы тіркелді.

Жасыбай көлі су температурасы 18,2-22,5⁰С шегінде, сутегі көрсеткішінің орташа мәні 9,06,  суда еріген оттегінің шоғыры орта есеппен 8,51 мг/дм³,  ОБТорта есеппен 1,20 мг/дм³. Негізгі  иондар (сульфаттар 1,7 ШЖШ, магний 1,3 ШЖШ, натрий 2,5 ШЖШ) және биогенді заттар (фторидтер 2,9 ШЖШ) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы тіркелді.

Сабындыкөл көлі судың температурасы 18,2-22,3⁰С шегінде, сутегі көрсеткішінің орташа мәні 8,96, суда еріген оттегінің шоғыры орта есеппен 8,13 мг/дм³,  ОБТорта есеппен 1,34 мг/дм³.Негізгі иондар (сульфаттар 1,8 ШЖШ, магний 1,6 ШЖШ, натрий 1,7 ШЖШ) және биогенді заттар (фторидтер 2,7 ШЖШ) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы тіркелді.

Павлодар облысы аумағындағы су нысандары суының сапасы келесідей бағаланады:«ластанудың орташа деңгейі» – Ертіс, Усолка өзендері, Жасыбай,  Сабындыкөл көлдері.

2016 жылмен салыстырғанда Ертіс өзені суының сапасы  айтарлықтай өзгермеген. 

  1. Павлодар облысы топырағының ауыр металдармен ластану жай-күйі

 Көктем мезгілінде Павлодар қаласындағы түрлі аудандарданалынған топырақ сынамасында хром концентрациясы 0,3-4,6 мг/кг,  қорғасын  10,8-28,1 мг/кг, мырыш – 18,05-35,5 мг/кг,  мыс – 0,7-1,95 мг/кг, кадмий – 0,1-0,33 мг/кг шамасында болды.

 Кутузов пен Торайғыров көшесі қиылысында ауыр металдар концентрациясы ШЖШ-дан аспады.

Цинк концетрациясының нормадан асуы:

- Павлодар химиялықмұнай зауытының санитарлы-қорғау зонасы ауданында -1,5 ШЖШ;

-Чокин, Бектұров және Дүйсенов көшелерінің қиылысында 1,2 ШЖШ;

Естай мен Карл Маркс көшелері қиылысы мен "Алюминий Казахстана" АҚ СҚЗ  ауданы  қиылысындағы гүл-бақ  аумағында  - 1,0 ШЖШ деңгейінде болды.

Күз мезгілінде Павлодар қаласындағытүрлі аудандарданалынған топырақ сынамаларында хром шоғыры 1,14 - 2,01 мг/кг, қорғасын –10,6 - 24,3 мг/кг, мырыш – 15,2 - 22,6 мг/кг, мыс – 0,66 - 1,55 мг/кг, кадмий – 0,11 - 0,4 мг/кг шамасында болды.

Павлодар химиялық-мұнай зауытының санитарлы-қорғау зонасы ауданындағы топырақ сынамасында мырыш құрамы 1,0 ШЖШ деңгейінде болды.

Кутузов пен Торайғыров көшесі қиылысы, Чокин, Бектұров және Дүйсенов көшелерінің қиылысы, Естай мен Карл Маркс көшеслері қиылысы мен "Алюминий Казахстана" АҚ СҚЗ  ауданы  қиылысындағы гүл-бақ аумағында анықталатын барлық ауыр металдар шоғыры норма шамасында болды.

Көктем мезгілінде Ақсу қаласыныңтүрлі аудандарынан алынғантопырақ сынамаларында хром концентрациясы 0,4-1,8 мг/кг,  қорғасын - 20,0-24,4 мг/кг, мырыш – 16,2-17,5 мг/кг, кадмий – 0,1-0,2 мг/кг және мыс – 0,4-1,6 мг/кг шамасында болды.

Ферроқорыту зауытының санитарлы-қорғау зонасы, Абай-Ертіс көшелері қиылысы, «Азамат» орталық сауда үйі аумақтарында барлық анықталатын ауыр металдар құрамының нормадан аспады.

Күз мезгілінде Ақсу қаласының түрлі аудандарынан алынған топырақ сынамаларында хром шоғыры 0,84 - 3,62 мг/кг, қорғасын – 18,1 - 24,0 мг/кг, мырыш – 10,4 - 14,7 мг/кг, кадмий – 0,11 - 0,25 мг/кг, мыс – 0,37 - 0,76 мг/кг шамасында болды.

Ферроқорыту зауытының санитарлы-қорғау зонасы, Абай-Ертіс көшелері қиылысы, «Азамат» орталық сауда үйі аумақтарында барлық анықталатын ауыр металдар құрамы норма шамасындаболды.

 

  1. Павлодар облысының радиациялық гамма-фоны

 Атмосфералық ауаның ластануының гамма сәулелену деңгейіне күнсайын жергілікті 7 метеорологиялық стансада (Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Павлодар, Шарбақты, Екібастұз, Көктөбе)  және атмосфералық ауаның ластануына бақылау Павлодар қаласының (№3, №4 ЛББ), Ақсу қаласының (№1 ЛББ), Екібастұз қаласының (№1 ЛББ)4 автоматты бекетінде бақылау жүргізіледі (12.6 сур.).

Облыстың елді-мекендері бойынша атмосфералық ауа қабатының жерге жақын қабатына орташа радиациялық гамма-фонның мәні 0,00 – 0,24 мкЗв/сағ. шегінде болды. Облыс бойынша радиациялық гамма- фонның орташа мәні 0,12 мкЗв/сағ., яғни шекті жол берілетін шамаға сәйкес келеді.

 

 Атмосфераның жерге жақын қабатында радиоактивтердің түсу тығыздығы

 

Атмосфераның жерге жақын қабатында радиоактивтердің түсу тығыздығына бақылау Павлодар облысының аумағында3 метеорологиялық станцияда (Ертіс, Павлодар, Екібастұз) ауа сынамасын горизонтальді планшеттер алу жолымен жүзеге асырылды. Барлық стансада бес тәуліктік сынама жүргізілді.

Облыс аумағында атмосфераның жерге жақын қабатында орта тәуліктік радиоактивтердің түсу тығыздығы 0,6 – 3,7 Бк/м2 шегінде болды. Облыс бойынша радиоактивті түсулердің орташа тығыздығы 1,1 Бк/м2, бұл шекті жол берілетін деңгейінен аспады.

 

 

 

Версия для слабовидящих