--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысының қоршаған ортасының жағдайы жалы ақпарат

2017-06-29 15:22:00

1.                  Атмосфералық ауа

Жалпы атмосфералық ауаны ластаушы заттар облыстың үш қаласында орналасқан өнеркәсіп өндірісінен қалыптасады. Сонымен, ластаушы заттардың 48 % – Екібастұз қаласында, 24 % – Ақсу қаласында, 26 % –Павлодар қаласында қалыптасады. Облыстың басқа аудандарының (Май, Лебяжі, Ертіс, Ақтоғай, Качир, Павлодар, Щербақты, Успен және Баянауыл аудандары) ластаушы заттар үлесі 2 %.

2016 жылы Үлкен өндіріс орындарының стационарлық қайнар көздерінен атмосфераға ластаушы заттар эмиссиясы 512,09 мың тонн. құрады. II, III, IV категориядағы өндіріс орындарының ластауын есептегенде 553,1 мың тоннаны құрайды.

Осындай уақытта 2015 жылы үлкен өндіріс орындарынан шығатын заттар 525,1 мың тоннаны құрады.

Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының селитебті аудандарының атмосфералық ауасының сапасы Павлодар облысы бойынша  «Казгидромет» филиалының зертханасымен бақыланады.

Арнайы посттардан атмосфералық ауадан сынама алу жұмысы посттарды бақылаушы адамның көмегімен толық емес бағдарлама арқылы – тәулігіне 3 рет, 07, 13, 19 сағаттарда мейрам күндері мен демалыс күндерінен басқа күнделікті алынады.

Автоматтандырылған станциялар үздіксіз режимде, тәулік бойы жұмыс жасайды және әр 20 минут сайын ақпарат беріледі.

Павлодар қ.: жалпы посттар саны – 6 : 2 стационарлық пост (қолмен іріктеу), 2 СКАТ типіндегі автоматтандырылған станция, 2 Ecotech типіндегі автоматтандырылған станция.

Посттарда анықталатын қоспа саны 16: өлшенетін заттар (пыль), өлшенетін бөліктер РМ-2,5, өлшенетін бөліктер РМ-10, күкірт диоксиді, еритін сульфаттар, көміртек оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, азон, күкіртсутек, көмірсутек, метан, аммиак.

Ақсу қ.: 1 СКАТ типіндегі автоматтандырылған станция. Жалпы анықталатын қоспалар саны 8: өлшенетін РМ-10 бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, күкіртсутек, күкіртсутек суммасы, метан.

Барлық ақпараттар автоматтандырылған станциялардан «Казгидромет»  желісіне on-linе түрінде жіберілген.

Павлодар фелиалы «Казгидромет» стационарлық желісінің бақылауы бойынша, атмосфералық ауаның ластану деңгейлері 2016 жылы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында төмен деп бағаланды.

2015 жылмен салыстырғанда атмосфералық ауаның ластану деңгейі Павлодар мен Ақсу қалаларында өзгермеген, ал Екібастұз қаласында «жоғарғы» деңгейден, «төменгі» деңгейге дейін төмендеген. Атмосфералық ауаның ластану деңгейі Павлодар қаласы бойынша – 3, Екібастұз қаласы бойынша- 4, Ақсу қаласы бойынша – 1.

ШРК деңгейінің асып кеткен жағдайлары:

Павлодар қаласы бойынша:  1 ШРК дан - көп. Өлшенетін заттар бойынша -1, өлшенетін бөліктер РМ-2,5-21, өлшенетін бөліктер РМ-10- 57, көміртек оксиді-186, азот диоксиді-5, азот оксиді – 1, озон-77, күкіртсутек-299 жағдай; жәнеде 4 жағдай 5 ШРК көміртек оксиді бойынша.

Екібастұз қаласы бойынша: 1 ШРК-дан көп. Өлшенетін заттар бойынша -4, өлшенетін бөліктер бойынша РМ-2,5-9, өлшенетін бөліктер РМ-10-29, күкірт диоксиді бойынша -47, көміртек оксиді- 257, озон-4, күкіртсутек-3 жағдай; жәнеде 4 жағдай 5 ШРК көміртек оксиді бойынша.

Ақсу қалаасы бойынша: 1 ШРК-дан көп. Күкіртсутек бойынша -24 жағдай.

2015 жылдан бастап Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы жүргізген  атмосфералық ауа бассейнінің жағдайы бойынша бақылауы барысында өндірістік объекттердің СҚА шегінде атмосфералық ауаның ластануының мониторигі жасалады.

2016 жылы мониторин 10 өнеркәсіп орындарында жүргізілген. (Қазақстан Алюминиі, ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3, KSP Steel, Каустик, ПМХЗ, КЭЗ, АЗФ, ЕЭК), сынаманы күндізгі уақытта (7.00-ден 21.00-ге дейін) және түнгі (22.00-ден 06.00-ге дейін) уақытта алды. Өнеркәсіптің жұмыс істеу мерзімі мен желдің соғу бағыты қарастырылды.

Барлығы 11 элемент бойынша 5760 өлшем алынды (күкірт диокасиді, хром, азот диоксиді, көміртек оксиді, күкіртсутек, көмірсутек, шекті С6-С10, көмірсутек шекті С12-С19, натрий гидроксиді, алюминий оксиді, шаң SiO2 70-20%, хлор).

ШРК мөлшерінің асып түсуі 3 онеркәсіп СҚА шегінде анықталған: АЗФ (хром 1,26 ШРК), электрстанция ЕЭК (көміртек оксиді 1,69 ШРК) және Алюминий заводы (алюминий оксиді  9,4 ШРК – ға дейін). Инспектрлік елеуіл үшін асырылған хаттамалар Экология Департаментіне жіберілді.

Өнеркәсірп өндірісіндегі СҚА шегінде атмосфералық ауаның ластану мониторингін жүргізу жұмысы өндіріс орындарында тазалау үшін жаңа технологиялар мен құрылғыларды қолдануға итермелейді.

Қоршаған ортаның сапасының көрсеткіштері қоршаған ортаға эмиссияларды азайту мақсатында Облыстық Маслихат шешімімен бекітілген және Экологиялық кодексте жазылған.

2017 жылы Павлодар қаласындағы селитебті зонада 5 бақылау нүктелерінде және бір-бірден Екібастұз бен Ақсу қалаларындағы бақылау нүктелерінде мониторинг жүргізуге мақсат қойылып отыр. Бұл табиғат пайдаланушының қаншалықты қоршаған ортаны қорғау шараларын жасап отырғандығын көрсетеді.

2.                  Су ресурстары.

Павлодар облысының территориясында негізгі су объектісі болып трансшекаралық Ертіс өзені болып табылады, 1 категориядағы су қоймасына жатады, ауыз-сумен қамтамассыз етеді.

Судың үстіңгң бетінің ластануын «Казгидромет» филиалымен және Экология департаментінің бақылау зертханасымен  бақыланады. «Казгидромет» бақылауының ақпараттары бойынша,  Ертіс өзеніңдегі су сапасы «бірқалыпты ластанған» деңгейде. 2015 жылғы су сапасымен салыстырғанда қатты өзгермеген.

2016 жылдың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі су жіберулер

Биологиялық алуантүрлілікпен, флора мен фаунаның экологиялық ортасын сақтау үшін, жыл сайын Ертіс су каскадынан, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі су жіберулер жүргізіледі. 

2016 жылы су жіберу жұмысы 6 сәір және 2 мамыр аралығанда 27 күн жүргізілген. Жалпы табиғатты қорғау су төкпесінің ауданы 7,03 кубокилометрді құрады.  Максималды су жіберу көлемі -3500 м3 / с, созылмалығы – 4 тәулік,су алу көлемі - 83,5 %, (282,8 тыс. га).

Жайылмада су 30 күндей тұрақтады, бұл дегеніміз Ертіс өзенінің жайылма массивтерінің сулануына жеткілікті уақыт. Қолайлы температура,  көктемгі селдің көпке созылуы 2016 жылы балықтың көбеюі мен биоалуантүрліліктің және жайылма ландшафтарындағы флора мен фаунаның сақталуына ықпалын тигізді.

Тағы, жыл сайын Қаныш Сатпаев атындағы тоғаннанда табиғатты қорғау су төкпесі Шідерті өзеніне әкеліп құйылады.

Су төкпе 8 сәір мен 18 мамыр аралығында, ұзақтығы 39 күндей өтті. Барлығы тоған құрылғылары көмегімен 100 млн.м3 су төгілген.Су төгінінің есебіненЕкібастұз бен Ақтоғай ауданында орналасқан  20,5 мың га жер су астында қалды.

3. Орман шаруашылығы

Басқарманың ведомстволық бағынысында 3 орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері бар (Павлодар, Үрлітүп және Максим-Горький), олар 9 аудан (Лебяжі, Май, Павлодар, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Қашыр, Успен) аумағын және 3 қаланың ауылдық аймағын қамтиды.

            Орман өрттері. 2016 жылы мекемелер бойынша жалпы орманды ауданы 113,9 га 27 өрт тіркелген, орман өрттерінен тигізілген зардап – 1306,0 мың теңге. 21,2 мың теңге айыппұл, 32,0 мың теңге талап өндірілді.

2015 жылмен салыстырғанда өрт саны 25%-ға азайып, ауданы 3,5 есе және зардап мөлшері 11 есе төмен болды.

Қазіргі таңда материалды-техникалық базаны нығайту 40% құрайды. 2016 жылы облыстық бюджеттен 61,6 млн.теңге бөлінді (өртке қарсы техника және құрал – 42,7 млн.теңге (6 бірлік кіші орман өрт кешені және 1 өрт сөндіру машинасы); өрт бақылау мұнарасының құрылысына – 18,9 млн. теңге (2017 жылы аяқталады). 2017 жылы 111,5 млн. теңгеге техника алу жоспарланып отыр (4 өрт автоцистернасы, 2 трактор және 2 қарда жүргіш көлік).

Заңсыз ағаш кесу. 2016 жылы мекемелер аумағында жалпы көлемі 364,4 м3 және зардап мөлшері 2077,8 мың теңге заңсыз кесулердің 60 фактісі тіркелген. 45 оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2015 жылмен салыстырғанда заңсыз кесулер саны 10%-ға азайып, көлемі 33%-ға және зардап мөлшері 2 есе артты.

4. Аңшылық шаруашылығы

Жалпы облыс бойынша жалпы ауданы 9393,8 мың га 38 аңшылық шаруашылығы бар (8 аңшылық шаруашылығы субъектісі жүргізуде, оларға жалпы ауданы 8101,3 мың га 31 аңшылық шаруашылығы бекітілген).

2016 жылы аңшылық алқаптарды бекіту бойынша 2 конкурс өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша жалпы ауданы 3375 мың га 10 аңшылық шаруашылығы 6 аңшылық шаруашылығы субъектілеріне бекітілді. Резервтік қордың ауданы 71 % кеміді (2016 жылдың басына – 4759,0 мың га). 2017 жылы 7 резервтік аңшылық алқаптарын бекіту жоспарлануда (Май, Ақтоғай, Ертіс, Баянауыл аудандары аумағында және Ақсу қаласы ауылдық аймағында).

2016 жылы лимит 5 аңшылық шаруашылығы субъектісі арасында бөлінген және 54527 дараны құрайды. Квота толық көлемде игеріліп, жергілікті бюджетке 3,8 млн. теңге түсті.

Аң аулау қағидаларын бұзудың 14 фактісі анықталып, 74,2 мың теңге сомасына айыппұл өтеліп, 7 кінәлі тұлға ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

5. Балық шаруашылығы

Жалпы облыс бойынша жергілікті маңызы бар 265 балық шаруашылық су айдыны бар (жергілікті маңызы бар балық шаруашылық су айдындарының тізімі облыс әкімдігінің 2010 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/2 қаулысымен бекітілген), соның 118 су айдыны 48 табиғат пайдаланушыға бекітілген (62 тұщы су айдыны 32 табиғат пайдаланушыға және 56 ащы-тұзды – 16 табиғат пайдаланушыға бекітілген).

            Тұщы су айдындары.

2016 жылы барлығы 5 конкурс өткізіліп, 17 табиғатты пайдаланушыға 58 тұщы су айдындары бекітілді (конкурсқа 110 қойылды).

2016 жылы күзде Торайғыр көлін (Баянауыл ауданы) облыстық бюджет есебімен тұқы сеголеткасымен (70,0 мың дана) балықтандыру жүзеге асырылды.

Балық аулау қағидаларын бұзудың 9 фактісі анықталып, 53,0 мың теңге айыппұл өтеліп, 2,2 мың теңге сомасына зардап өтелді (7 құрал, балықтың 6,3 кг тартып алынды).

Ащы-тұзды су айдындары.

2016 жылы ревизия қорытындысы бойынша осы саланы дамыту үшін перспективті болып табылған 66 ащы-тұзды су айдындары анықталды.

Ғылыми ұсыныстар негізінде 42 ащы-тұзды су айдыны паспортталды (облыстық бюджеттен 23,1 млн.теңге бөлінді). Республикалық бюджеттің аясында 12 балық шаруашылығы су айдындарына паспорттау жүргізілуде.

2 конкурс өткізілді, 8 табиғатты пайдаланушыға 41 су айдыны бекітілді (конкурсқа – 43 қойылды).

2016 жылы балық және юасқа су жануарларын аулау квотасы 919 тоннаны (артемия цисталарын аулауға - 819 тонн немесе республика бойынша 64 пайыз), құрады, ол 21 балық шаруашылығы субъектілері арасында бөлінді және 90 % игерілді (825 тонна), жергілікті бюджетке 78,4 млн. теңге түсті (артемия цистасына – 78,2 млн.теңге).

6.      Жер қойнауын пайдалану

2016 жылдың соңына орай 67 жер қойнауын пайдаланушы тіркелді, бекітілген келісімшарттардың жалпы саны – 75, соның ішінде жалпыға таралған пайдалы қазбалар бойынша – 37, қатты пайдалы қазбалар бойынша -20, жер асты сулары бойынша – 5, барлау және өндірумен байланысты емес – 5. Сонымен қатар, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы 2016 жыл бойынша жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге 10 рұқсат берген.

Тас көмірін өндіру бойынша ірі кәсіпорындар «Богатырь Комир» ЖШС, «Восточный» разрезі ЕЭК АҚ, «Ангренсор Энерго» ЖШС, «Гамма» ЖШС, «Гамма Талдыколь» ЖШС.

Түсті және асыл металдарды өндіруге «Корпорация Казахмыс» ЖШС, «Майкайнзолото» АҚ, «Альголд» ЖШС-інде келісімшарттары бар.

Жер қойнауын пайдаланушылардың басты бөлігі жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады, олар: әктас, құрылс тасы, құм, қаптама тас, саз, сазды кірпіш, қиыршық тасты қоспа, ас тұзы.

Сонымен қатар, облыс төңірегінде минералды суды өндірумен 4 жер қойнауын пайдаланушы айналысады: «Санаторий Муялды» АҚ, «Жана Роса» ЖШС, «ТНК «Казхром» АҚ филиалының Ақсу ферросплав зауыты, «Алга» фирма ЖШС.

Барлық жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындарда қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты, мемлекеттік экологиялық экспертизамен келісілген кен орындарын өндіруге жұмыс жобалары мен жер қойнауын пайдалануға келісімшарттары бар. Тау-кен бөлінісін, тау-кен жұмыстарының даму жоспарымен қоса басқада нормативті құжаттары бар. Жұмыстар ағымдағы жылға келісілген тау-кен жұмыстарының даму жоспарымен сәйкес жүргізіледі.

7. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын

Өнеркәсіптік қалдықтарды

Павлодар облысында қалдықтардың құралуына көмір кеніштері (90-92%), жылу электр станциялары (5-6%), шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің (4-5%) негізгі үлес қалыптастырады.

 2016 жылы бойынша түрлі-түсті металлургия салаларында қалдықтардың жалпы сомасы - 16210,3 мың тонна, қара металлургия - 1371,9 мың тонна, жылу және электр энергетика - 9391,6 мың тонна, тау-кен саласы - 107,531.3 мың тонна, мұнай өңдеу өнеркәсібі - 25,1 мың тонна.

Салалар бойынша өнеркәсіп қалдықтарын жинақталған көлемі – 6 236 523,7 мың тонна, оның ішінде техногендік минералдық түзілімдер - 1 377 824,8 мың тонна, түрлі-түсті металлургия саласының қалдықтары  - 230 657,5 мың тонна, қара металлургия – 9 209,4 мың тонна, лу және электр энергетика – 192 257,6 мың тонна, тау-кен өнеркәсібі – 5 801 274,7 мың тонна, химикалық өнеркісібі – 2824,5 мың тонна.

Өндіріс қалдықтарды өндеу келесі кәсіпорындар жүзеге асырылады:

- «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты құрылыс материалдарды (қиыршық тас) алумен  металлургиялық қалдықтарды (шлактарын) өндіру өткізеді;

- «Павлодар мұнайхимиялық зауыты» ЖШС мұнай шламын қайта өңдейді;

- «KSP Steel» ЖШС ПФ өңдеулер құйылған дайындамаларды, қож, электродтар ластанған сүзгі материалдарды, графит қалдықтарды, бұрғылау, дәнекерлеу күлді, абразивті дөңгелектер және кірпіштің сынықтарды өндірісінде пайдаланылады;

- «Кастинг» ЖШС ПФ переклазоуглерод кірпішті қайта өңдейді;

- «Вершина» ЖШС құрылыс кірпішті дйындау үшін таусылып көмір шламды пайдаланады;

 - «Казахстантрактор» ӨҰ ЖШС қаптау, шлак қалдықтарды, резеңке-техникалық өнімдерді (шиналар, конвейер таспалары, кілемдер) қайта өңдейді.

Ресурс үнемдейтін және аз қалдықты технологиялық шешімдерді мәселелерін шешу, экологиялық саласында технологиялар ұсынылатын инвесторлар мен компанияларды іздеу және тарату үшін экологиялық технологиялар құзыреттілік орталығы құрылды.

Қатты тұрмыстық қалдықтар

Облыс ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын 345 объект бар, жыл сайын осы объекттерден 650 мың тонна қалдықтар шығарылады. Барлығы жиналғаны 5.2 млн. тонна.

Қалалар мен аудандар әкімшілігімен 282 жер телімдері рәсімделген (81%), 63 жер телімі әлі де рәсімделу үстінде (19%).

Павлодар облысы бойынша қалдықтармен жұмыс жасай алатын жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, мамандандырылған өнеркәсіптер көмегімен  қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке-жеке жинау, іріктеу, жою, қайта өңдеу үшін Жол картасы 2020 жылға дейін әзірленген.

2016 жылы басқармамен тексеріс өткізілген, осы тексерістің нәтижесінде 39 рұқсат етілген қоқыс тастайтын жерлер анықталған. Қала мен аудандар әкімшілігіне қажетті іс-шараларды қолдану үшін хат жолданды. Екібастұз қаласының әкімшіліктерімен (Екібастұз-6, п. Атығай-2, ст. Шідерті-1, с. Заречное-1) және Ертіс ауданының әкімшілігімен (а. Ертіс-1) рұқсат етілмеген қоқыс тасталатын жерлер түгелдей жойылдырылды.

Құрамында сынап бар қалдықтар

Бүгінгі күнге облыс бойынша құрамында сынап бар шамдар көлемі 467 мың данаға жеткен. Олардың ішінде: мемлекеттік мекемелерде – 40 мың дана, өнеркәсіп өндірісінде – 72 мың дана, тұрғындарда- 355 мың дана.

2016 жылы Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жүргізу науқаны барысында,білім басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасына қарасатын «ЭлектроТрансРеелто»  ЖШС мекемесінен 45 мың құрамында сынап бар шамдар пайдаға асырылған (1 шам үшін 61,6 тенге).

2017 жылы шамдардың 40 мың данасын жинап, іске асырылуы жоспарлануда.

Экологиялық кодекске сәйкес құрамында сынап бар қалдықтарды полигондарға жеткізуге тиым салынған. Осыған сәйкес, басқармамен қосымша құрамында сынап бар шамдарды тұрғындардан жинастыру үшін арнайы шаралар ойластырылуда.

Осымен, қаржыландыруды ынталандыру бағдарламасы қарсанында, қалдықтарды жинау, тасымалдау және іске асырылуы ЖШС «Оператор РОП» қаражат есебі арқасында, 200 дана контейнерлерді сатып алу және оларды жергілікті атқарушы органдарға баланс үшін және оларды Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында тез арада құру жоспарлануда.

8.      Солтүстік өнеркәсіп ауданында сынап мониторингі

Павлодар қ. Солтүстік өнеркәсіп ауданы және Былқылдақ жинақтауышының тарихи сынап ластануы Бұрынғы Павлодар химиялық зауытының қызметі нәтижесінде қалыптасқан

Сынап ластанған аумағыдағы қоршаған ортаның объектілерінің мемлекеттік бағалау үшін (ауа, топырақ, жер асты сулары, жер үсті су көздері) 2004 жылдан бастап бюджет қаражаты есебінен жыл сайын сынап мониторингі жүргізіледі.

Трансшекаралық Ертіс өзеніне қарай сынап қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін сынап өзгерту үшін ұңғымаларды байқау және бақылау нүктелерін арнайы желісі құрылған.

Көпжылдық зерттеулер нәтижелері бойынша сынаппен ластанған 6 ошақ  анықталды (1. Құрамында сынабы бар қалдықтарды  және топырақтарды  көму полигоны; 2. Сынап электролизі орналасқан цех аумағы; 3. Бұрынғы №6 сорғы; 4. Бұрынғы құрамында сынап бар сулардың тоған-жинағышы;  5. "Былқылдақ" өнеркәсіптік сарқынды суларды су жинауышы; 6. "Тіл" ластанған жер асты сулары).

Көпжылдық мониторингтің нәтижесі бойынша негізгі қорытындылар:

- Ластанудың алты ошағына қарамастан, бұрынғы «Химпром» аумағында қоршаған ортаға сынаптың   әсер бойынша санитарно-эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп сипатталады;

- қолданыстағы гидрогеологиялық шарттарда Ертіс өзендері суларының және Павлодар,  Шаукен ауылдары  құдықтарындағы судың ластану қатері жоқ;

- негізгі ластану ошақтары сөндірілді.

2016 жылында 268 сынама іріктеп алынды (атмосфералық ауа – 70 сынама, топырақ – 24 сынама, жер асты суларының – 158 сынамалар, жер үсті сулары – 16 сынама).

Сынап мониторингі жұмысы жалғасады (2017 жылдың мониторинг бағдарламасына  жер асты суларын бақылау үшін 15 қосымша ұңғыма және  сынаппен ластанған учаскелерді  ресми тірку бойынша іс-шаралар енгізілген).

Жыл сайын мониторинг бойынша жүргізілетін жұмыстан басқа Басқармамен отандық және халықаралық (Германия) сарапшыларды тарту арқылы табиғатты қорғау іс-шаралары аясында Павлодар қ. сынаппен ластанған  Солтүстік өнеркәсіп ауданын және объектілерді сынаптан арылтуды  қалпына келтіру бойынша Концепция әзірленген. Концепциямен қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді мәселелерді кезеңмен шешу ұсынылады. 

2016 жылы оның негізінде инженерлік сипаты  бар бір қатар ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды көздейтін Жол картасы әзірленген:

- 1, 2 ластану ошақтарында саз экрандарын қалпына келтіру;

- бетонды термо заласыздандыру және оны көму құрылғысын демонтаждау;

- сынаппен қосылатын «беттік» ағындарды ұстап қалу үшін жолдың шығыс жағынан № 6 сорғыдан Былқылдақ жинағышына дейін дренажды тоғанды қалпына келтіру;

- жолдың батыс жағынан № 6 сорғы  станциясынан Былқылдақ жинағышына дейін жинағышты қоршап тұрған қолданыстағы бөгетпен қосып фильтрацияға қарсы бөгетті салу;

-  периметр бойынша қоршау салу және т.б.

Версия для слабовидящих