--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын және қол жетімділігін жоғарлату – басқарманың басым міндеттерінің бірі

2016-07-20 19:06:00

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын және қол жетімділігін жоғарлату әрбір мемлекеттік органның басымды міндеттерінің бірі болып табылады.

Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларды беру бойынша  мемлекеттік қызметтерді балама негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ  арқылы және электрондық нысанда ұсынылады.

2016 жылдың 20 шілдесінде ақпараттық жолдама бойынша Медиа – Жоспар шеңберінде басқарма «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ  Павлодар облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментігің қызметкерлерімен бірлесіп,  қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша оқу семинар өткізілді.

Семинар өткізілуіне Халыққа қызмет көрсету орталығы қала бөлімдерінің инспекторлары және консултанттары, табиғат қорғау жобалаулары бойынша орындаушылар, табиғат пайдаланушылар қатысты.

Семинар өткізудің басты мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды қабылдау барасында туындайтын проблемаларды анықтау, мемқызметтер көрсету стандарттардың негізгі ережелерін және нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын талқылау, Мемкорпорация және Басқарма ның қызметкерлерінің бірлескен жұмысы.

Мемкорпорация қызметкерлері семинар өткізу маңызын бағалап, жаңа ақпарат алып, көптеген сұрақтарға жауап алды.

Семинарға шақырылған Павлодар облысы аумағында табиғат қорғау жобалау бойынша жұмыстардың орындаушыларымен қызмет берушілерге бірқатар сұрақтар оның ішінде құжаттарды қалыптастыру бойынша қойылды.

Семинар соңында облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының өкілдері Мемкорпорация арқылы қызметтерді көрсету маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді қызмет алушы мемлекеттік органдармен байланысты жою арқылы әкімшілік кедергілерді жою, азаматтраға және ұйымдарға рұқсат құжатты ресімдеу ашықтығы деген дұрыс жақтарын анықтылды.

Сондай-ақ, өткізілген семинар алғашқы емес деп анықтылды. Нәтижесінде, 2016 жылғы 1 жартыжылдығында өткен жылдың осы секілді кезеңімен салыстырғанда Мемкорпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 70 %-ға арттыру (25 қорытынды және рұқсат – 2015 жылдың 1 жартыжылдығында, 80 – 2016 жылдың 1 жартыжылдығында).

Версия для слабовидящих