--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ арқылы көрсету туралы

2016-08-30 19:10:00

Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесстерін оңайлату, сапасын және қол жетімділігін жоғарлату әрбір мемлекеттік органның басымды міндеттерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жоспарлы жұмыс нәтижесінде соңғы жылдар бойынша қарау мерзімдері және қоршаған ортаны қорғау саласында рұқсат беру құжаттарды алу үшін ұсынылатын құжаттардың топтамасы мағыналы қысқартылған.

Мысалы, III және IV санат объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларды беру мерзімі 1 айдан 10 жұмыс күндерге,  III сана объектілер үшін экологиялық рұқсат беру – 1 айдан 10 жұмыс күндерге, ал IV санат объектілер үшін – 5 жұмыс күндерге қысқартылды.  

Осыдан басқа, рұқсат беретін құжаттамалардың әрекет ету мерзімдері ұлғайтылған:  II және III объектілер үшін – 5 жылдан 10 жылға дейін, IV санат объектілер үшін – мерзімсіз. Яғни, шағын табиғат пайдаланушылар өндіріс технологияcы және шығарынды көздері өзгергенге дейін рұқсат құжатты бір рет алынады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылатын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытынды және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты  «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпарат жүйесі арқылы электронды өтінімді беру жолымен немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ (бұдан әрі – Мемкорпорация) филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну арқылы рәсімдеу мүмін.

Электронды сандық қолы бар және интернетке қосылған кез келген жеке немесе заңды тұлға, қажет болса  онлайн қызметке тапсырыс беруге мүмкіндігі бар. Ол үшін www.elicense.kz порталына тіркелу, жеке кабинетке рұқсат алу, қажетті қызмет түрін таңдап алып, «онлайн қызметіне тапсырысын» таңдап алу керек. Тапсырыс талап ететін форманы толтырғаннан кейін, (мәліметтерді енгізу және сканерленген құжаттарды туркеу) нормативті құжаттардың талаптарын және мемлекеттік қызмет стандарттарын ескере отырып, тапсырыс ЭСҚ көмегімен қол қойылады және  қарастырылу үшін мемлекеттік органға жолданады. Электронды қызметтің нәтижесі заңнамамен бекітілген мерзімде, жеке кабинетке келеді.

«Е-лицензиялау» порталымен жұмыс жасау кезінде сұрақтар пайда болған жағдайда, бірыңғай контакт-орталық операторларының көмегіне жүгінуге болады (ақысыз номерлер: 1414, 88000807777), сонымен қатар Павлодар облысның жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының порталы мен интернет-ресурсында орналасқан сыртқы порталмен қолданушының нұсқауын пайдалнуға болады.

2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылғы 8 айында басқармамен  «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызмет саны 75,5 %-ға (2015 жылғы 8 айында – 78 қорытынды және рұқсатнама берілген, 2016 жылғы 8 айында – 319), Мемкорпорация арқылы – 60,4 %-ға  (2015 жылғы 8 айында – 63 қорытынды және рұқсатнама берілген, 2016 жылғы 8 айында – 159) артуы қамтамасыз етілгенін анықтау қажет.

Бұл қоршаған ортаны қорғау саласында және Мемкорпорация арқылы рұқсат беру құжаттамаларды электрондық нысанда алудың танымдылығының артуын көрсетеді, яғни уақытты үнемдеу, қызмет алушы мемлекеттік органдармен тікелей байланыста болу арқылы әкімшілік кедергілерді жою, азаматтр мен ұйымдар үшін рұқсат құжатты ресімдеу ашықтығы сияқты жағымды жақтарды  береді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қажет ақпаратты және консультацияны Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 17 мекенжайы бойынша «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ, 32-93-79, 65-25-59 телефон арқылы немесе біздің сайтта (tabigatpv.gov.kz) алу мүмкін.  

 

Версия для слабовидящих