--:--
--°C
ресми интернет-ресурс

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі және қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын объектілердің тізбесі туралы

2016-09-30 19:12:00

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57-бабына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес  мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы және халықтың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы қамтамасыз етіледі

Қоғамдық тыңдаулар табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдері, міндетті сипатта болатын мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге материалдарды дайындау кезеңінде жүзеге асырылады.

Ағымды жылда экологиялық заңнаманың экологиялық ақпарат беру және мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы мәселелер бөлігіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Өзгерістердің ірі топтамасы экологиялық заңнаманың 2000 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа, көпшіліктің шешім қабылдау процесіне қатысуына қол жеткізу және әділ сотқа қолжетімділік туралы конвенцияға (Орхус конвенциясы) сәйкес келтіруге арналаған.

Мысалы, объектілер тізімі бойынша түзетулер енгізу, міндетті сипаттағы қоғамдық тыңдаулар жүргізу маңызды болып отыр. Бұл келесі жобалар:

1) су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі, мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі, табиғат пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы және бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы  объектілердің орналастырылуы көзделетін;

2) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі орманның, оның ішінде елді мекендер шекарасының шеңберіндегі көгалдандыру екпелерінің кесілуі көзделетін;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

4) қалалар мен аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;

5) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары;

6) транысшекаралық әсері бар шаруашылық әреке жобалары;

7) ауыл және орман шаруашылығы, тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтармен жұмыс істеу және экономиканың басқа да салаларында, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбеге сәйкес шаруашылық қызметінің түрлері бойынша.

Сонымен бірге, экономиканың салалары бойынша шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесі ҚР Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 10 маусымдағы № 240 бұйрығымен бекітілген.

Ағымдағы жылдың тамызынан бастап қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізудің тәртібі өзгереді.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына (ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 260 бұйрығымен бекітілген редакцияда) сәйкес мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу үшін ашық отырыстарды және сауалдарды өткізу арқылы өткізіледі.

Шаруашылық қызмет бойынша мүдделі жұртшылықпен ашық отырыс нысанында экологиялық маңыздылығы I, II санаттағы объектілер үшін (маңыздылықтың критериялары Кодекстің 40-бабымен анықтыды), сондай-ақ жоғарыда аталған (Кодекстің 57-2-бабының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген) жобалар бойынша өткізіледі.

Мүдделі жұртшылықтың пікірін ескеру үшін сауал нысанында қоршаған ортаға әсерді бөлігінде III, IV санаттағы объектілер үшін өткізіледі.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында хабарландыру, жұртшылықты жобамен танысу үшін құжаттама және қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы орналастырылады.

Экологиялық заңнаманың қоғамдық тыңдалымды ұйымдастыру, бойынша талаптарын орындауды қамтамасыз ету үшін «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқарамасы» ММ интернет-қорында (www.tabigatpv.gov.kz) бірыңғай ақпарат көзі ретінде «Қоғамдық тыңдаулар» айдары бар. 2015 жылында облыс аумағында  126 қоғамдық тыңдаулар, 2016 жылдың басынан - 80-нен астам қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу бойынша қажет ақпаратты және консультацияны Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 17 мекенжайы бойынша «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ, 32-93-79, 65-25-59 телефон арқылы немесе біздің сайтта (tabigatpv.gov.kz) алу мүмкін.  

 

Версия для слабовидящих